Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сапархан Омаров: Егін жинау қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Қазақстандағы егін жинау науқанының барысы жайлы баяндады. АШМ басшысының айтуынша, биылғы егін жинау қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Қазіргі уақытта 3,3 миллион гектардан астам дәнді және бұршақ дақылдары немесе жалпы жинау алаңының 21,2%-ы жиналды. Салыстырмалы түрде: 2019 жылы 26 тамызда 1,2 миллион гектарға аз өнім алынған болатын.

Әр гектардан орташа өнімділік 13,5 ц/га алынды десек, қазір 4,5 млн тонна астық бастырылды. 2019 жылы бұл уақытта 2,8 млн. тонна өнім жиналған. Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін егіншілерге 400 мың тоннаға жуық арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Егін жинауға 145 мыңға жуық трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинайтын комбайн, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк көлігі дайындалды.

Жұмыстың ұзақ уақыт тоқтап қалуына жол бермеу үшін егіншілер жөндеу бригадаларын құрды. Министрлік пен әкімдіктер сервистік компаниялармен далалық қызметті күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша жұмыс жасады. Биыл жазда өткен жылдағыдай жауын-шашын аз болды. Алайда, егістерді қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін фермерлер мен министрлік барлық қажетті шараларды уақтылы қабылдады. Төтенше жағдай режиміне қарамастан, егіс жинау науқаны өз мерзімінде өтті, ылғалды жабу және топырақ өңдеу жұмыстары сапалы жүргізілді.

Тұқым шаруашылығын қаржылай қолдаудың арқасында егілген элиталық тұқымдардың үлесі 2 есеге артып, сапасы төмен тұқымдардың үлесі 2,8 есеге төмендеді. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдау мен  ҚР АШМ-нің баса назар аударуының нәтижесінде топыраққа минералды тыңайтқыштарды қосу көлемі артты.

Сонымен қатар, дақылдарды шегіртке зиянкестері мен аурулардан  химиялық жолмен емдеу уақытылы және жеткілікті қабылданды, бұл әлемнің көптеген елдерінде тіркелген апатты құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік берді.

«Коронавирус пандемиясы жағдайын ескере отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Ағымдағы жылдың ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қабылданған шаралар кешені астық өндірісінің көлемін өткен жылғы деңгейде аламыз деген мүмкіндік берді. Бұл елдің ішкі сұранысын толығымен қанағаттандыруға және белгілі бір көлемді экспорттауға жеткілікті», — деді Сапархан Омаров.

Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 27,5 млн тоннаны құрайды, оның 12 – астық қабылдау кәсіпорындарына, 15,5 млн тонна – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне бағытталған. Сақтау қуаттылығының көлемі биылғы өнімді сақтау үшін жеткілікті.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардты түрде сатып алуды жүзеге асырды, соның арқасында мемлекеттік резервке 517 мың тонна астық жеткізуге келісім жасалды. Сонымен бірге Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қоры 456,4 мың тоннаны құрайды. Қажет болған жағдайда резервтер ішкі нарықты тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Ағымдағы жылдың экспорттық стратегиясы өткен жылдан өзгешеленбейді және дәстүрлі нарықтарда (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Иран) басым позицияларды сақтауға бағытталатын болады. 2020/2021 маркетингтік жылға арналған экспорттық әлеует ұнды есептегенде шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды.

«Сонымен қатар, әкімдіктер элеваторлардың биылғы егінді қабылдауға дайындығына мониторинг жүргізіп, карантиндік шараларды күшейтілуі мүмкін деген жағдайды ескере отырып, астықты алқаптардан элеваторларға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы қажет.

Қазіргі уақытта бірінші кезектегі міндет – егінді шығынсыз жинау. Қазгидрометтің болжамы бойынша қыркүйек айында республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын күтіледі», — деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Осыған байланысты шаруаларға қолайлы күндерді барынша пайдаланып, жинау техникасының екі ауысымдық жұмысын ұйымдастырып, мүмкіндігінше егінді жинауды тоқтатпау ұсынылды.  

Анықтама: ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн. га құрады (2019 жылға қарағанда 439,2 мың га артық). Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,8 млн.га (оның ішінде бидай – 12,1 млн. га), майлы дақылдар – 2,9 млн. га, көкөніс және картоп – 457,4 мың га, мақта – 125,8 мың га, қант қызылшасы – 20,9 мың га, жем-шөп дақылдары — 3,3 млн.га алқапқа орналастырылды.