Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жолдау маңызды міндеттер жүктеді

Сапархан Омаров Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуы туралы айтты. АӨК дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы кеңейтілетін болады.

Ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру жөніндегі «Кешенді жоспар» бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бекіту үшін Үкіметке енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында АШМ алдына бірқатар міндеттер қойды, оларды шешу агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін береді. Бірінші кезекте бұл келесі бесжылдыққа арналған «АӨК дамыту жөніндегі» жаңа ұлттық жобаны әзірлеу. Осы бағдарламалық құжатты дайындауға FAO беделді халықаралық ұйымы тартылды. Маңызды құжаттың құрамына енген алғашқы жобалар, жаңашылдықтар ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тұжырымдама түрінде жасалады», — деді министр Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, оның құрамына «Атамекен» ҰКП, фермерлердің салалық қауымдастықтары мен одақтары, аграрлық ғылым өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кірді.

АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі құжатының жобасын әзірлегеннен кейін жұмыс тобының құрамы кеңейтіліп, кеңінен талқылау жүргізілетін болады.

Құжаттың басты мақсаттарының бірі ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндет шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша «Кешенді жоспар» жобасын әзірледі. Бүгін ол Үкіметте таныстырылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жоба бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, бекіту үшін Үкіметке енгізілетін болады.