Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бірге – таза Қазақсан

17 июня 2021 11:27 • 857 просмотров

«Бірге – таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық тазалық акциясына арқалықтықтар да бір кісідей атсалысуда. Науқанға қаладағы мемлекеттік, коммуналдық мекемелер, кәсіпорындар – барлығы жүзге тарта ұжымнан 1300 -ден астам адам қатысты, деп хабарлайды «Қостанай таңы».

Қала тазалығы үшін ертелетіп сенбілік шарасына жиылғандарға қала әкімі Әмірхан Асанов ризашылығын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

Қолдарына күрек-тырма ұстаған ұжым өкілдері қаланың кіріс-шығыс жолдарының бойын, теміржол жиектерін тазалап, орталық демалыс саябағының ішін де қалыпқа келтірді. Жиылған күл-қоқыс, қалдық-қырқындыларды арнайы техника тиеп әкетті. 

Қала басшысы жұмыс барысын бақылап қана қоймай, тазалық шараларына өзі де қатысты. Барлығын осындай экологиялық акцияларға тұрақты үн қосуға шақырды.

Эко-челлендж қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырады. Сенбілікке мемлекеттік органдар, мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.  Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды.

Басты мақсат — тұрғындарды тазалыққа шақыру. Себебі өзен жағасында демалатын азаматтардың басым бөлігі айналасын шашып, қоқысқа толтырып кетеді. Екінші мәрте акцияға қатысып тұрмын. Алайда қала тұрғындарының белсенділігі байқала қоймады. Сондықтан барлықтарыңызды тазалық күнгі жұмысқа шақырамын. Қаланы көркейтуге бағытталған акция қыркүйек айының соңына дейін созылады.