Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының индустриялық аймағында орналасқан «МТЗ — Казахстан» ЖШС-не барып, зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы өңір басшысы «Инстаграм» әлеуметтік желісінде хабарлады.
Кәсіпорын ауыл шаруашылығы тракторларын өндірумен айналысады. Жобалық қуаттылығы – жылына 3 мың трактор. Зауытта 70-ке жуық адам жұмыс істейді, олардың көбі – жақында техникалық мамандықтарды бітірген жастар.
«Аралау барысында негізгі өндірістен басқа, кабиналар шығаратын жаңа цех пен екінші құрастыру конвейерінің құрылыс барысымен таныстым. Объектіні салу және жоспарланған іске қосу «Беларус» маркалы тракторлар өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыру қажеттілігіне негізделген. Кәсіпорын басшылығының ақпараты бойынша, жаңа жобаның арқасында жұмыс орындарының саны 200 адамға дейін артады. Бұл жоба облыстың машина жасау саласын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді деп есептеймін», — деп жазады аймақ басшысы «Инстаграм» желісіндегі парақшасында.
Облыс әкімі жұмыс сапары соңында объект құрылысы жұмыстарын уақтылы аяқтауға мүдделі мемлекеттік органдарға кәсіпорынға жәрдемдесу мүмкіндігі туралы тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, жуырда Қостанай облысына Беларус Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі П.В.Утюпин және «Минск трактор зауыты» ААҚ бас директоры В.М.Вовк бастаған Беларусь Республикасынан делегациясы келген болатын.
«Беларус» маркалы тракторларға арналған компоненттер өндірісін жолға қою жолымен өндірісті оқшаулау деңгейін арттыруға қатысты келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр.
«Сапар барысында қонақтар «АгромашхолдингKZ» АҚ базасындағы оқшаулау орталығымен танысты, онда машина жасау саласындағы өндірісті одан әрі оқшаулау мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және машина жасау саласындағы өндірісті оқшаулауды ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды», — деді Архимед Мұхамбетов.
Оның айтуынша, іс-шараның нәтижесінде ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен міндеттеріне бірлесіп қол жеткізу үшін серіктестерімізге жан-жақты көмек көрсетіледі деп сендірді.
Олар бірқатар кездесулер өткізіп, соның ішінде Қостанай қаласының оқу орындарымен танысты.
Инвесторлардың трактор шығаруды Қостанай аймағында қолға алуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Қостанай — Ресей нарығына жақын жатқан агроөнеркәсібі дамыған өңір. Сондықтан өнім экспорттауға аса қолайлы. Мұның сыртында, астықты аймақта техника паркін жаңартуды қажет ететін шаруашылықтар да жетерлік.
«Республика бойынша шамамен 8 мыңнан астам МТЗ тракторы бар. Оның жартысынан көбі жаңартуды қажет етеді. Өңірде жаңа қолға алынып жатқан мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын ілгерілетуге дәл осы үлгідегі тракторлар қажет. Оның үстіне, өзгелермен салыстырғанда, бұл тракторлар анағұрлым арзан, — деді Архимед Мұхамбетов.