Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірде өсім байқалады

24 июня 2021 10:00 • 664 просмотров

Облыс әкімдігінде өткен селекторлық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиынға барлық қалалар мен аудандардың әкімдері онлайн режимде байланыста болды.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің 9,7% — ға өсуі байқалады .

— Өңірге инвестиция тартудың оң динамикасын сақтау үшін қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай — ақ салалық басқармалар жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту мақсатында инвесторлар тарту бойынша жұмысты күшейтуі қажет, — деп атап өтті облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.

Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 860,4 млрд.теңгеге, оның ішінде өңдеуші секторда 14,6% өсіммен 383,2 млрд. теңгеге өнім өндірді. Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын бақылауды тапсырды.