Тәуелсіздіктің 30 жылдығын Қостанай облысы бұқаралық спортты дамыту және балаларға арналған спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жоғары көрсеткіштермен атап өтуде.
Бұл туралы және жалпы бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың спорт ардагерлері мен азаматтық белсенділері қатысқан спорт нысандарын инспекциялық аралау барысында айтты.
Халықты дене шынықтырумен қамтуды көбінесе қолда бар инфрақұрылым анықтайды. Соңғы 3 жылда спорт нысандарының саны 121 бірлікке артып, 2566 нысанды құрады. Нәтижесінде халықтың 33,7% — ы немесе 290,6 мың тұрғын бұқаралық спортпен қамтылған (2018 жылға қарай өсім-4,7%), осылайша облыстың әрбір үшінші тұрғыны спортпен шұғылданады.
«Бүгінде 8,7 мың спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылды, онда облыстың 152,6 мың тұрғыны шұғылданады, оның ішінде ауылдық жерлерде 80,6 мың адамды қамтитын 5,1 мың секция құрылды», — дейді Архимед Мұхамбетов.
Өңірде спортқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша маңызды жұмыс жүргізілді. Жітіқара қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, Лисаков қаласында, Алтынсарин ауданының Силантьев ауылында, Қамысты ауданының Қамысты ауылында және Жангелдин ауданының Торғай ауылында стадиондар қайта жаңғыртылды, облыстың 7 ауданында (Жангелдин, Денисов, Амангелді, Қарабалық, Қарасу, Меңдіқара, Қостанай) стадиондардың футбол алаңдары жөнделді және жаңадан салынды, 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Сарыкөл, Ұзынкөл, Рудный, Қостанай) және спорт мектебінің ғимараты (Сарыкөл, Ұзынкөл, Рудный, Қостанай) жөнделді.
Қостанай қаласында шағын аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді жерде орналасқан бірнеше ірі спорт объектілері ашылды: жабық футбол манежі, «Қостанай» спорттық-ойын-сауық кешені.
Бокс мектебі және жасанды әрі табиғи футбол алаңдары бар футбол академиясы ашылды. Гашек көшесі, 1/1 мекен-жайы бойынша жаңа шаңғы базасы, барлық заманауи стандарттарға сәйкес келетін материалдық-техникалық база енгізілді. Қаланың жаңа шағын аудандарының салынып жатқан тұрғын үй аулаларында міндетті түрде спорт алаңдары орнатылады.
Мысалы, облыс бойынша жасанды жабындысы бар 85 спорт алаңы, оның ішінде Қостанайда 45 алаң салынды. Ағымдағы жылы Солтүстік-батыс шағын ауданында 50 метрлік бассейннің және Юбилейный шағын ауданында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайының құрылысы аяқталады. Мұндай мамандандырылған кешендердің құрылысы бірқатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Спорт секцияларында 70 мыңнан астам жалпы білім беретін мектеп оқушылары немесе оқушылардың 64,1% — ы тегін жаттығумен қамтылған. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 29 аула клубы жұмыс істейді. Жаңа нысандарды пайдалануға беру жүзу, триатлон және президенттік көпсайыс, шорт-трек, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және конькимен жүгіру спорты сияқты спорт түрлерімен айналысатындардың санын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс іске асырылуда.
Осы тегін сабақтардың арқасында қосымша 2 мыңнан астам бала қамтамасыз етіледі. Бұдан әрі мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға арналған қаржыландыру деңгейі ұлғаятын болады. 2025 жылға қарай облыс тұрғындарының кемінде 45% — ын спортпен қамту жоспарлануда.