Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа емхана ашылды

30 сентября 2021 10:00 • 483 просмотров

Қостанай қаласында стоматологиялық клиникасы ашылды. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты.

Медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыты болмақ. -Облыс аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда, жаңа нысандар салынуда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жабдықтар сатып алынуда.

Жыл сайын облыс тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы 3,5 млн.нан астам қызмет көрсетеді. Тағы 300 мыңнан астамы стоматологиялық қызметті ұсынып отыр,-деді өңір басшысы.

Жаңа «№1 стоматологиялық клиника» ЖШС ашылуы қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Аталған жобаға 441 млн. теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды, оның ішінде медициналық жабдықтарға — 110 млн.теңге. Осылайша, 40 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, балалар мен ересектерге стоматологиялық көмек көрсету үшін мұнда бір уақытта 17 білікті маман жұмыс істейді.