Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов учаскелік полиция инспекторларына 26 қызметтік көліктің кілтін табыс етті.
Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында полицияны реформалау бойынша міндеттер қойды. Халықпен жұмыстың жаңа форматтарын енгізу және полицияның сервистік моделіне көшу қажеттігін атап өткен. Басты элемент «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты басты мақсат болыр отыр.
Сындарлы қоғамдық диалог, азаматтардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысуы басты басымдыққа айналады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің барлық 30 жылы ішінде құқық қорғау органдарының тиімді жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.
– Қазіргі уақытта еліміздің өңірлерінде, сондай-ақ облыстың барлық қалалары мен аудандарында полиция жұмысының сервистік моделі кеңейтілуде. Бұл бағытты іске асыру көбінесе жергілікті билік органдарының тартылуына байланысты, олар жаңашылдықтардың мәнін түсініп, жергілікті жерлерде көмек көрсетуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
УАЗ автокөлігінің кілтін алғандардың бірі Амангелді ауданының учаскелік полиция инспекторы Дастан Кушпанов болды. Ол 1,4 мыңнан астам халқы бар үлкен Амантоғай ауылына қызмет көрсетеді.
Рудный қаласынан келген учаскелік инспектор Арман Ищанов қызметтік Chevrolet Cobalt алды. Полиция қызметкері №9 учаскеге қызмет көрсетеді және бұрын қызметтік көлігі болмаған.
Пилоттық жоба Қостанайда қаласының оңтүстік бөлігінде жүзеге асырылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша жұмыс тобы құрылды, оған әртүрлі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жеке бөлім жергілікті полицияны – қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен, компьютермен және басқа да техникамен жабдықтау мәселелеріне арналған. Бұл жұмысқа қалалар мен аудандардың әкімдері қосылды.
Соңғы үш жылда полиция үшін облыстық бюджеттен 115 автокөлік сатып алынды. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен Қарасу және Меңдіқара аудандарының ауылдық округтерінде бір учаскелік полиция пункті ашылды, 85 пунктке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Компьютерлік техниканың 42 жиынтығы сатып алынды. Тобыл қаласында модульдік бекет ашылды, оның жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады. Полиция департаменті қызметкерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету келесі жылға да жалғасатын болады.
Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар полиция жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қаражат бөледі, бұл шамамен 2 млрд.теңге. Соңғы үш жылда Полиция үшін облыстық бюджеттен 115 автокөлік сатып алынды.
Мақсаттың бірі- полиция қызметкерлерін қолдау. Қызметтік пәтерлер бөлінді, сондай-ақ қызметкерлерге тұрғын үй жәрдемақысы төленеді.
Сөз соңында Архимед Мұхамбетов жеке құрамды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.