Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тәуелсізідік – тәу етер кием

20 декабря 2021 10:00 • 499 просмотров

Қазақстан – алтын ұям. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл.    Осы 30 жылда «алтын ұямның» басынан өткермегені жоқ. Қиын жылдар мен қызық жылдарды басынан өткізген қазақ елі мойыған жоқ. Өзге елдермен терезем тең, керегем кең болсын деп қатарласып дамып келеді. Қазақстанның үздіксіз дамуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор деп айтуға болады. Өйткені ол еліміздің тұңғыш Президенті. Сол кісінің көрегендігінің арқасында еліміз талай тығырықтан шығып, Қазақстан өзінің шекарасын еш соғыссыз бекітіп алды.

Қазіргі таңда сол кісінің сарабдал саясатының ізімен халқымыз тыныш, бақытты елге айналуда. Мен «бақытты елге айналған» тәуелсіз елдің мұғалімімін. «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп, Ахмет Байтұрсынов бабамыз айтқандай, қазақ елінің патриотты ұлы мен қызын тәрбиелеу біздің қолымызда болғаннан соң, білім мен тәрбиені қолымыздан келгенше берудеміз.

Мен Қостанай қаласындағы «Юбилейный» ықшам ауданында орналасқан жаңа № 27 мектепте еңбек етемін. Ол мектеп былтырғы оқу жылында «Нұр Отан» партиясының саяси бағдарламасы бойынша «Жол картасы» аясында бой көтерген болатын. Қазіргі таңда бұл мектепте 1500 – нан артық оқушы білім алады.

Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Болашағымыз жарқын, келешегіміз күшті болу үшін жас жеткіншектерді тәрбиелеуде еліміздің тәуелсіздігі жайлы ұғымды оқушылар бойына сіңіру қажет деп ойлаймын. Сол мақсатпен тәрбие жұмыстарымыздың көбісі жүйелі түрде атқарылып отырады.

Биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау мақсатында отыз күнге іс – шара жоспарланып, атқарылды. 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күнімен басталған мерекеміз,Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық мерекесімен аяқталды.

Іс – шара әртүрлі форматта іске асырылды. Болашақ жас жеткіншектерге еліміз қалай тәуелсіздікке ие болды, оның алғашқы Президенті туралы, еліміздің қоғам қайраткерлері, жетістіктері туралы мағлұматтар беріліп, «Морофон:30 игі іс», «Менің туым – менің Қазақстаным!», «Менің елімнің Әнұраны», «мен үшін Тәуелсіздік деген не?», ведиочелендждер өткізілсе, «Тәуелсіздіктің құрдастары» тақырыпта мұғалімдер, педагогикалық еңбектің ардагерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен сұқбаттық жұмыстар жүргізілді. «Туған жер – алтын бесік». ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында оқушылар мен мұғалімдер арасында «Мүшайра», «Тәуелсіздік, сен менің тұмарымысың» атты қалалық айтыс өтті. «Біз – тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз», «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» оқушылардың қолымен жасалған бұйымдардан көрмелер, «Алаш арманы – тәуелсіз қазақ елі»  тақырыпта оқушылар конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша іс – шаралар оқиғалар қатары біздің мектептен орын алды. Қорыта келе, біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса,Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз.

Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі, олай дейтін себебіміз: әрбір қара сөздерінде жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылығы жоғары тәлімдік ой-пікірлер – еңбек сүйгіштік, отанын қорғау, жамандықтан аулақ болу, өнер-білім мен ғылымға құштарлық, отбасы тәрбиесінің ықпалы, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылып, адам өміріндегі басты мәселе екендігі паш етілген. 

Ал, Шәкәрімнің «Үш анығы» – қазақ философиясының шыңы, өйткені “Үш анық” философиялық еңбектің де өзіндік ерекшеліктері осы жоғарыда айтылған тәлім-тәрбиелік идеяларды жалғастырып, олардың өміршеңдігін дәлелдей түседі. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.

Жаслан Бекентаев, Қостанай қаласы №27 жалпы білім беретін мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары