Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Баға бақылауда

27 декабря 2021 18:23 • 566 просмотров

Архимед Мұхамбетов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл бағытта облыста бірқатар шаралар қабылдануда. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері күн сайын баға мониторингін жүргізеді. Сауда желілерімен Облыстың ішкі нарығында сату үшін ӘМАТ-тың 19 атауын жеткізу бойынша тікелей келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 430 дүкенде әлеуметтік тауарларды сататын әлеуметтік сөрелер құрылған. Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарындағы 377 жәрмеңкеде 1,6 млрд.теңге сомасына нарықтық бағадан 10–15% – ға төмен бағамен 2566 тонна өнім сатылды.

Облыста тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, «айналым тетігі» іске асырылуда. Бұл мақсатқа 3,8 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мәселесі ерекше бақылауда.

Кеңес қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне күн сайын әкімшілік сипаттағы шараларды жүргізе отырып, бағаларға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ жаңа жылға дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов электр энергетикасы саласындағы мәселелер бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының, «СТК – forfait» ЖШС басшылығының, сондай-ақ табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің баяндамасын тыңдадым.

Облыста электр энергиясын өндіруді жалпы белгіленген қуаты 285,5 МВт болатын 3 энергия көзі жүзеге асырылады, бұл Қостанай ЖЭО, «ССКӨБ» АҚ ЖЭО, Арқалық ЖЭО.

Қостанай облысы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 29 300 км., 4 745 қосалқы станциялар мен трансформаторлық пункттерді құрайды.

Облыста электр энергиясын өндіруді ұлғайту үшін қуаты 7 МВт «Қостанай ОЭК» МКК-да және қуаты 2,5 МВт Арқалық қаласында 2 турбогенератор іске қосылатын болады.

Бұдан басқа, «Ыбырай» ЖЭС құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобада әрқайсысының қуаты 3,2 МВт болатын 16 жел электр қондырғысын орнату көзделген. Жобаны іске асыру облыс үшін қуаты 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Өндірілетін электр энергиясы «KEGOC» АҚ желісіне жіберіледі, одан әрі облыстың энергия беруші ұйымдары арасында бөлінеді.

Бұдан басқа, «KazWindEnergy» ЖШС «Арқалық қаласында белгіленген қуаты 48 МВт жел паркін салу» жобасына бастамашы болды. Жобаның жалпы құны 20,3 млрд.теңгені құрайды.

Халықаралық аукцион аясында «NextEcoEnergy» ЖШС Қарабалық ауданында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпорын директорларына, мемлекеттік органдарға тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды тұрақты негізде қамтамасыз етуді тапсыр