Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Береке» шағын ауданындағы үйдің кілтін табыс етті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Береке» шағын ауданындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Үйді «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «БК-Строй» ЖШС салды. Бүгінде барлығы 300 отбасы көптен күткен баспанаға ие болды.
Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын шамамен 13% – ға өсіп келе жатқанын хабарлады. Биыл облыста 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
— Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысында шамамен 6,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, 63 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа жылдық өсімі 19% – ды құрады, – деп атап өтті өз сөзінде Архимед Мұхамбетов.
— Мен көптен күткен баспанаға ие болдым. Бұл мемлекеттің қолдауының және халыққа қолжетімді бағдарламалардың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні кілттерді алу өте қуанышты жайт, үлкен рахмет, – деді қоныс тойын тойлаушы Жангелді Қасаев.