Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауыз сумен қамтылды

28 декабря 2021 16:12 • 575 просмотров

Федоров ауданының екі ауылы орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Федоров ауданының Баннов және Чехов ауылдары үшін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды.

Жоба тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, осы мақсатқа бюджеттен 1,6 миллиард теңге бөлінді. Жобаны іске асырғанға дейін Баннов және Чехов ауылдарының тұрғындары, ал бұл 1553 адам құдық пен ұңғымалардағы су пайдаланып келген. Енді халық орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының ақпараты бойынша, тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және облыс бойынша «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы ауылдық сумен жабдықтаудың 32 объектісін іске асыруға 9,7 миллиард теңге бағытталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету облыс бойынша 64,7% – дан 75% – ға дейін, ауылдар бойынша 36,1% – дан 59,8% – ға дейін ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін еліміздің барлық халқын сапалы сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету-басым міндеттердің бірі.