Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қаратомар су қоймасына барды

Архимед Мұхамбетов Қаратомар су қоймасына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен аптада облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Бейімбет Майлин ауданындағы Қаратомар су қоймасына барды. Аралау барысында ол ауданның алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Су тасқыны жағдайының өзгеруіне байланысты бұл мәселе тұрақты бақылауда.

Бұл бөгет Рудный қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Ол 3 бөліктен тұрады: шайынды, сол жағалаумен және орталық суағармен түйісетін бөліктен.

Су қоймасының ұзындығы 134 м. суағар бөлігінен тұрады, сондай-ақ 16 метрлік 7 аралықтан тұрады, жалпақ дөңгелек қақпалармен жабылған. Табалдырық белгісі 152 метр.

Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында облыс аумағын және халқын су тасқыны құбылыстарынан қорғау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 130 тонна жанар-жағар май қоры, 9,1 мың тонна инертті материалдар, 46 мың тонна қаптар және т. б. бірқатар іс-шаралар дайындалды.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне су тасқынына қарсы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Маржан Алпыс