Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Үздіктер марапатталды

Қостанайда 2021 жылдың үздік спортшыларын марапаттады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушыларды және «Қостанай облысының үздік спортшылары мен жаттықтырушылары» конкурсының лауреаттарын марапаттады.

Бұқаралық спортты дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың барлық жастары арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігін бірнеше рет атап өтті.

Ағымдағы жылы дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға облыс бюджетінде 12,8 млрд.теңге көзделген. Бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасау мақсатында тұрақты негізде спорт ғимараттары желісін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қостанай облысының барлық өңірлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамуда, Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл және Жангелдин ауданының Торғай ауылдарында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.

Қостанай қаласында жаңа шаңғы базасы толық қуатында жұмыс істейді, Мұз спорт сарайы мен 50 метрлік заманауи жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды.

Спорттық базаны дамыту бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының 34,6% – ы немесе 298 мың адам, оның ішінде 80 мың бала мен жасөспірім дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданады.

Өңір басшысы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 47 үздік спортшы мен жаттықтырушыны ақшалай және естелік сыйлықтармен марапаттады, оның ішінде 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының 11 қатысушысы бар. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 4 ведомстволық марапаты мен куәлігін табыс етті.

— Бұқаралық спортты дамыту – Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының басым бағыттарының бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың барлық жастары арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Ағымдағы жылы дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға облыс бюджетінде 12,8 млрд.теңге көзделген. Республика Президентінің тапсырмасы бойынша облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асырылуда, бұл үшін облыс бюджетінде 500 млн.теңге қарастырылған, бұл 7 мыңнан астам баланың, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың спорт секцияларында тегін сабақтарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыстық спорт федерациялары спорттың 149 түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, спорт резервін даярлау бойынша жұмысты 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, спорт клубтары, олимпиада резервін даярлау орталығы және жоғары спорт шеберлігі мектебі жүргізеді.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының 92 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 9 спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарының 1120 жүлдегері дайындалды.

Ұлттық құрамаларға кіретін спортшылар халықаралық және республикалық жарыстардағы нәтижелері үшін ақшалай төлем алады, өткен жылы 149 спортшы мен 62 жаттықтырушы төлем алды, осы мақсаттарға 172 млн.теңге бағытталды.

Спорттың гандбол, волейбол, баскетбол ойын түрлері бойынша Қостанай облысының құрама командалары дәстүрлі түрде республиканың ұлттық чемпионаттарының алғашқы үштігінде. «Тобыл» футбол клубы Қазақстан чемпионы, «Суперкубок» иегері және УЕФА аясында өткен халықаралық турнирлердің қатысушысы болды.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор