Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңес Т.Б. Булгацевичтің төрағалығымен әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық кеңеспен бірлесіп Тобыл қаласындағы Қостанай аудандық аурухана базасында көшпелі отырыс өткізді. Сапар мақсаты «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іске асырылуына мониторинг жүргізу болды.
Бас дәрігер В.В. Шатерников аудандық аурухананы, оның үй-жайларын, жабдықтарын көрсетті, жетістіктер мен проблемалық мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының желісін 11 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 33 медициналық пункті құрайды, онда 90 дәрігер және 285 орта медперсонал жұмыс істейді. Олардың барлығы 60 мың халыққа қызмет көрсетеді.
Жалпы, аудандық Жол картасының индикаторларына медицина қызметкерлері мен оның басшысы В.В. Шатерниковтың кәсібилігі арқасында қол жеткізіледі.
Бұл ретте шұғыл шешуді қажет ететін күрделі мәселе бар. Қостанай аудандық ауруханасының ғимараты жалға берілетін ғимаратта орналасады. Ол ішінара бейімделгендіктен, көптеген бөлмелер ұзақ уақыт бойы заманауи талаптарға сай келмеді.
Осыған байланысты жаңа ғимарат салу қажет. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама, сараптаманың оң қорытындысы бар екенін, тек 3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлу ғана қалғанын атап өткіміз келеді. Бірақ олар әлі жоқ. Уақыт өте келе мәселе оң шешімін табады деп үміттенеміз.