Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ахаң тойына дайындық пысықталды

Архимед Мұхамбетов облыстың оңтүстік өңірлеріне екі күндік сапармен келді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезекте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Әулиекөл – Жалдама» автожолының алғашқы 50 шақырымын және 200-ден 257 шақырымға дейінгі учаскесіндегі орташа жөндеу барысын қарады. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Одан әрі өңір басшысы Амангелді ауданындағы көпфункционалды туристік кешеннің құрылыс барысын тексерді.

Құрылыс жеке қаражат есебінен жүріп жатыр, кешеннің құны 1,5 млрд.теңгені құрайды.

Жобада 12 нысанның құрылысы қарастырылған (мұражай, кафе, сақ саунасы, қонақ үй, турфирма, жазғы амфитеатр, спорт және балалар алаңдары және т. б.). Жобаның жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайды.

Бүгінгі таңда 11 нысанның іргетасы салынып, 3 нысанның қабырғалары көтерілді, 5 нысанға су құбыры тартылды, екі септик орнатылды және 5 нысанға кәріз жүргізілді.

Бұнымен қоса облыс әкімі Жангелдин ауданының Торғай ауылындағы А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатовтың әдеби мұражайына жасалып жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрді.

Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов музейінде ағымдағы жөндеу жұмыстарына 33,6 млн теңге бөлінді.Бұл мұражайда төбені, шатырды, еденді және су құбырын ауыстыру, қабырғаларды сырлау, қоршаулар, бейнебақылау, сыртқы жарықтандыру және ішкі есіктерді ауыстыру жоспарлануда. Мұражайда 8 экспозиция залы болады.

Сондай-ақ, өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданы мен Арқалық қаласының бірқатар нысандарын аралады.

Жұмыс сапарының жалғасында Торғай өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөнделу барысымен және аудандық маңызы бар жолдың орташа жөнделу барысымен танысты.

Көпірдің ұзындығы 84,65 М.көпірді күрделі жөндеуге 6 км 200,8 млн теңге бөлінді.

Биылғы жылы Шұбалаң ауылынан А. Байтұрсыновқа дейінгі аудандық маңызы бар 40 шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, қалған бөлігі келесі жылы аяқталады.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Шөптікөл» қыстағында антенна мачтасының орнатылуын қарап шықты. Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін А. Байтұрсынов және Ақкөл ауылдарын ұялы байланысқа, 3G/4G стандартты мобильді интернетке қосу жоспарлануда.

Содан кейін А. Байтұрсынұлы және Ақкөл ауылдарының жергілікті қауымдастығымен кездесіп, құрылыстың сапасы халықтың наразылығын тудырған Ахмет Байтұрсыновтың салынып жатқан үйін қарап шықты. Осыған байланысты, үйді тексергеннен кейін қоғаммен бірге осы құрылысты бұзып, үй-мұражайдың жаңа құрылысын бастау туралы шешім қабылданды.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор