Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Арқалық тұрғындарымен кездесті

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының оңтүстік өңірлеріне жасаған жұмыс сапары Арқалық қаласында жалғасты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезекте өңір басшысы Архимед Мухамбетов Арқалық қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде жолдарды жөндеу, жолаушылар тасымалы, денсаулық сақтау және т. б. мәселелер көтерілді, барлық сұрақтар бойынша орындаушыларға жауаптар мен тиісті тапсырмалар берілді.

Кездесуден кейін облыс әкімі «Үміт» ЖШС тігін цехына барды. Өткен жылы аталған кәсіпорын қаланың басқа кәсіпкерлерімен бірлесіп 583 мың теңгеге 8 шағын тігін цехын құрды.

Сондай-ақ, мұнда «Amandos’ ЖК жартылай фабрикаттар цехын аралап көрді. Өз қаражаты есебінен 6 млн теңгеге жартылай фабрикаттар дайындау бойынша жабдықтар сатып алынды.

Содан кейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябаққа барды. Саябақтың жалпы ауданы 5 мың шаршы метр, бүгінгі күні субұрқақты жөндеу жұмыстары аяқталып, Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін көлік жүретін бөліктен субұрқаққа жақын жерге көшірді. Аталмыш жұмыстар Алаш арысының биылғы мерейтойы аясында жасалып отыр.

Сонымен қатар, Архимед Мұхамбетов сайлау учаскелеріне барып, референдумға дайындықты пысықтады.

Сондай-ақ, өңір басшысы Арқалық тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдап, өтініштерін қарады.

–2021 жылы Қостанай облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына енген, жалпы құны 4 млрд. 763 млн теңге және 85 жұмыс орнын құрумен 3 инвестициялық жоба іске асырылды:

– қуаттылығы бір мезгілде 5000 бас ІҚМ бордақылау алаңын қамтитын мал шаруашылығы кешенінің және 2500 басқа арналған асыл тұқымды репродуктордың құрылысы. Жобаның құны 2 млрд. 782 млн теңге. 45 жұмыс орны құрылды;

– мал азығы-сағатына 17,8 тонна өңдеу қуаттылығымен зауыт. Жобаның құны 619 млн теңге. 10 жұмыс орны құрылды. Жобалардың инвесторы «Алюминстрой» ЖШС болып табылады. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 709 млн теңге субсидия төленді, – деді Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор