Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді, онда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мәселесі қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, ағымдағы жылы балалар жылы аясында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді.
— Сапалы жазғы демалыспен 102 мыңнан астам бала қамтылады, осы мақсаттарға облыста 418,3 млн.теңге бөлінді. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында жазғы кезеңде 500-ден астам бала туристік-өлкетану маршруттарымен, экспедицияларға баратын болады, – деп қосты З. Бәйменова.
Білім беру нысандарынан басқа, мәдени және спорт нысандары балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға белсенді қатысады. Мәселен, облыстық театрлар балалар мен жасөспірімдерге арналған спектакльдер көрсетуді ұйымдастырады, облыстық мұражайлар интерактивті танымдық ойындар, саяхат-сабақтар өткізеді.
Спорт нысандары мен алаңдарға барлық балалар бара алады, түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Әрі қарай жүзу маусымына дайындық және оны өткізу туралы мәселе қарастырылды. Бүгінгі күні облыста шомылуға арналған 25 ресми орын бар.
— Шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент күн сайын Қостанай және Тобыл қалаларының шекараларындағы Тобыл өзенінің акваторияларын, Жітіқара қаласының шекараларындағы Шортанды өзенін, сондай-ақ Арқалық қаласының әкімшілік аумағындағы Ақжар су қоймасы бөгетін патрульдеу үшін мобильді бекеттер қояды, – деп баяндады Қостанай облысының ТЖД бастығының міндетін атқарушы Азамат Орымбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс басшысы Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне жаз мезгілінде балалар жылы аясында ауқымды және мазмұнды іс-шаралар өткізуді, оның ішінде бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін тарта отырып, сондай-ақ ресми шомылу орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды және қауіпті орындарда тыйым салу және ескерту белгілерін орнату жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.