Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қала тұрғындарымен сұрақ-жауап форматында пайдалы кездесуі өтті. Қала тұрғындары шағын аудандарды, аула аумақтарын абаттандыру, жолдарды жөндеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ газдандыру және сумен жабдықтау сияқты басқа да бірқатар мәселелерді көтерді.
Барлық сұрақтар бойынша орындаушыларға тиісті тапсырмалар мен тұрғындарға жауаптар берілді. Сонымен қатар, өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қостанай қаласы өңіріміздің негізгі даму көрсеткіштері бойынша өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің 43 проценттен астамын; облыстық инвестиция көлемінің 32 процентін; тұрғын үй құрылысының 68 процентін; құрылыс-монтаждау жұмыстарының 39 процентін; бөлшек тауар айналымының 70 процентін және көтерме тауар айналымының 79 процентін қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 447,9 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың деңгейіне шаққанда 119 процентті құрады. Индустрияландыру картасы шеңберінде қалада жалпы инвестиция көлемі шамамен 79 млрд.теңгені құрайтын 31 жоба пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Қазіргі уақытта, 3 мыңнан астам жұмыс орнынынан тұратын, жалпы сомасы 186 млрд.теңге көлеміндегі, 7 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Қостанайда 28 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері шамамен 51 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
— Қостанай қаласы біздің өңір дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемінің 43%-дан астамын; негізгі капиталға инвестициялардың облыстық көлемінің 32% – ын; енгізілетін тұрғын үйдің 68% – ын; құрылыс-монтаждау жұмыстарының 39% – ын; бөлшек тауар айналымының 70% – ын және көтерме тауар айналымының 79% – ын қамтамасыз етеді. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде индустрияландыру картасы аясында қалада жалпы инвестиция көлемі 79 млрд.теңге болатын 31 жоба пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, – деп атап өтті облыс әкімі.
Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам жұмыс орнын құратын жалпы сомасы 186 млрд.теңгеге 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жүргізілуде.
Қала әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, ағымдағы жылы 15 көшені орташа жөндеумен, 24 көшені ресайклерлеу әдісімен қамту жоспарлануда, сондай-ақ, 60 ауланы жөндеуге шамамен 2,9 млрд.теңге қарастырылған.
–»Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткен жылы 306 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджеттен 10,8 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 337,7 мың ш.м. іске қосу жоспарда бар, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 34 көп қабатты үй немесе 1721 пәтер тұрғын үй және ИКИ құрылысына арналған сома 15 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 5 айында 115 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 2021 жылы 4,3 млрд.теңге сомасына ұзындығы 23 шақырым 80 көше жөндеумен қамтылды. 65 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 1 млрд.50 млн. теңге сомасына орташа жөндеумен 15 көшені қамту жоспарлануда, ресайклерлеу әдісімен 24 көшеге 739 млн. теңге бөлінді. Орамішілік аумақтың 60 ауласын жөндеуге 829 млн. теңге қарастырылған, үнемдеу қалыптасқан жағдайда тағы 10 ауланы қосымша жөндеу жоспарлануда. Негізгі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда,-деді қала әкімі Марат Жүндібаев.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында күн сайын негізгі тұтыну базарларында, ірі сауда орталықтарында, шағын базарлар мен қала дүкендерінде азық-түлік тауарларының 19 атауы бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі. Тұрақтандыру қорында 15 атау бойынша 12,5 мың тонна көлемінде 2,6 млрд теңге сомасына қор қалыптастырылған.
Жыл басынан бері облыс орталығында 4 кең ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда 383 млн.теңгеден астам сомаға 598 тонна өнім сатылды. Қала әкімдігі сауда желілерімен бірлесіп 2022 жылдың екінші тоқсанында ең төменгі сауда үстемесімен 5% – дан аспайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу туралы меморандумдарға қол қойды. Тұрақтандыру қорының қоймасында 720 тонна көлемінде қант қоры бар.
Кестеге сәйкес, күн сайын қаланың сауда желілері 5 тонна көлемінде өнім іріктейді. Қант лимиттелген, бір қолға 1 килограмнан аспайтын 440 теңге бағамен сатылады. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
Қала әкімі атап өткендей, 1–25 тамыз аралығында «Қарталы-Рудный» магистральдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұтынушыларға табиғи газ беруді тоқтату күтілуде.
— Осы мәселе бойынша біз газбен, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, энергия қадағалаудың және қала әкімдігінің жауапты қызметтерінің қатысуымен кеңес өткіздік. Өндірілетін өнімнің төмендеуіне жол бермеу мақсатында сүт өңдеу кәсіпорындары мен наубайханалардың баламалы отын көздеріне көшу мәселелері пысықталуда. Наубайханалар арасындағы жүктемені бөле отырып, әлеуметтік нан өндіру көлемін бақылауда ұстайтын боламыз. Жол кешені бойынша негізгі жұмыстарды 1 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй құрылысы бойынша да жоспарлы көлемдердің төмендеуіне жол бермеу мақсатында жұмыс өндірісін жеделдетеміз. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша барлық ықтимал тәуекелдерді пысықтаймыз, – деді М. Жүндібаев.
Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік жобалары аясында 2500 көрерменге арналған Мұз сарайының құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы учаскеде судың жиналуын болдырмау мақсатында абаттандыру және суды төмендету жұмыстары аяқталады. Мұз сарайының дренаж жүйесі бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды, барлық жоспарланған жұмыстарды ағымдағы жылдың 3 тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Қостанай қаласының аумағы барлық бағыттарда кеңеюде, жаңа шағын аудандарды, әсіресе «Юбилейный», «Береке», «Алтын Арман» шағын аудандарын салу жылдам қарқынмен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Қостанай-2» шағын ауданын ескере отырып, жаңа құрылыстардағы халық саны шамамен 30 мың адамды құрайды. Қала құрылысы жобаларын іске асырумен таяудағы 3–5 жылда тұрғындар саны 50 мың адамнан асып түседі.
Сол себепті, көлік кептелісін азайту мақсатында қаланың басқа бөлігіне өту үшін жаңа жол салу көзделуде. Жоспар бойыша 2023 жылы жаңа өткелдер пайда болмақ.
Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор