Қостанай тұрғыны тарауық намазын заңсызөткізгені үшін жауапқа тартылды.
Оқиға биыл 27 сәуірде болған. «А» есімдіазаматтың жетекшілігімен Қостанай қаласы, Съянов көшесі, 29-үй мекен-жайында орналасқан «Қостанай қайырымдылық» мекемесініңғимаратында тарауық намазы өткізілген. ОсылайшаҚР заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленгенталаптарды бұзған. Нақтырақ айтқанда, «Қостанайқайырымдылық» мекемесінің өкілі оған келушілермен Қостанай өңірлік университеті студенттерінжинап, діни рәсім «тарауих» намазынұйымдастырған. Айта кету керек, аталғанмекеменің ғимараты ғибадат үйі, діни бірлестіктіңүй-жайы не діни оқу орны болып саналмайды.
Сот мәжілісінде «А» кінәсін мойындамай, аталғанұйымда директор болып жұмыс істейтінін, Рамазан айында ораза ұстаған, мекемеде уақытша тұрып, тәрбиеленіп жатқан адамдар мен мекемеге келгенстуденттерге арнап ауызашар бергенін, ол біткенсоң намаз оқитындар құлшылық жасағанын айтты.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490 бабының 1 бөлігі 1 тармағына сәйкес, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға; діниәдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, заттардыәкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басыпшығаруғажәне (немесе) таратуға, ғибадатүйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіпқайта бейіндеуге (функционалдық мақсатынөзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу – қызметтiүш ай мерзімге тоқтата тұрып, жекетұлғаларға елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлықесептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкепсоғады.
«ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7 бабының 2 бөлігінде құдайғақұлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктермекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратынадамдардың құқықтары мен мүдделері сақталғанжағдайда тұрғынжайларда, қажет болған кездеқоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсізжүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайлар дадіниіс-шаралар Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгiленген тәртіппен жүзегеасырылады. Яғни жоғарыда аталған Заңныңнормаларына сай ұйымдарда құдайға құлшылықету жол берілмейді», – делінген сот хабарламасында.
Сөйтіп, сот «А» уәжін негізсіз деп тапты. Себебі ісматериалына тіркелген бейнетаспада аталғанұйымның ғимаратында оннан астам адам жиналып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесрәсімделмеген жерде дiни жораларды, яғни құдайғақұлшылық етіп, намаз оқығаны дәлелденіп тұр.
Сот қаулысында «Қостанай қайырымдылық» мекемесі өкілі «А» ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы Кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 153 мың 150 (жүз елу үш мың жүз елу) теңге әкімшілік айыппұлсалынды.