Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аудандық спартакиада өтті

Астана күні қарсаңында Бейімбет Майлин ауданында «Тың-Целина – 2022» XXXIII аудандық спартакиадасы өтті. Биыл спортшыларды Май ауылдық округі қабылдады.

Жарыстың ашылу салтанатында шаңғы спортынан облыс және республика құрамаларын көп жыл баптаған жоғары санатты жаттықтырушы Владимир Шалыгин марапатталды. Ол бүгінде ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жұмыс істейді. Білікті бапкерге гравитрон (көп функциялы тренажер) табыс етілді. Сонымен қатар, өңірде дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Наталья Саенко мен Татьяна Кетібаеваға грамоталар берілді.

«Ауданымызда халықты спортпен жаппай айналысуға тарту үшін барынша жағдай жасалып жатыр. Спорттық ұйымдар желісі кеңейіп, жаңа үйірмелер мен секциялар ашылды. Нысандар жөнделіп, жаңасы салынуда. Осы жылы «Варваринское» АҚ-ның қаражаты есебінен Май ауылында шағын футбол алаңы мен тренажер орнатылмақ. Жобаның жалпы сомасы 22 млн теңге деп есептелінген», – деді аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов іс-шараның ашылу салтанатында.

Спартакиадаға 200-ден астам спортшы қатысты. Олар спорттың 14 түрінен сайысқа түсті. Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Калинин ауылдық округі алса, Набережный ауылдық округі екінші сатыдан көрінді. Ал бірінші орынды Әйет ауылдық округі иеленді.