Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Министр өңір тынысымен танысты

11 августа 2022 16:30 • 848 просмотров

Бизнесмендердің қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамауы адам өліміне әкеліп соғуда. Мұндай үрдіс Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин Қостанай облысында халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елімізде бизнес нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтамау деректері жиілеп кеткен. Бұл жағдай өндірістіктегі қауіпсіздік комитеті саласында да байқалады. Мәселен, жыл басынан бері тек Қостанай облысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бағыты бойынша қауіпті өндірістік объектілерде 600-ден астам заң бұзушылық анықталды.

Жиын барысында Юрий Ильин ТЖМ инспекторларына жұмыс жүйесін өзгертуді міндеттеді. Олар бизнес нысандарын жазалаушы мемлекеттік орган ретінде емес, керісінше қауіпсіздік шараларын сақтауда әдістемелік көмек көрсету арқылы жұмыс жүйесін қалыптастыру керек деп атап өтті. Жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар халық тұтынатын табиғи газдың азайтылуы қазіргі таңда Қостанай облысындағы өзекті мәселелердің бірі. Министр өңірде электр қондырғыларын пайдалану немесе газ баллондарын тұрмыста қолдану жиілеп кеткенін атап өтті. Сол себепті халыққа өз қауіпсіздіктері үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау отырып, көп қабатты үйде газ баллондарын қолданбауға кеңес берді. Жұмыс сапары барысында ТЖ министрі азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізіп, журналистермен кездесті. Сапар барысында министр өңірдің бірқатар ірі өндірістік және әлеуметтік маңызды объектілерін аралады.

Сонымен қатар Юрий Ильин Қостанайдың № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған техника мен жабдықтарды қарап шықты. Қостанай облысының ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңейтілген кеңес өткізді.Ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттап, орта, басшы құрамға алғашқы және кезекті арнайы шендерді табыс етті.

Ірі индустриялық объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын назарға ала отырып, ҚР ТЖ министрі кеншілер қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Соколов-Сарыбай кең байыту карьерінің байқау алаңында «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті В.Гриненко «Индустрия 4.0» технология элементтерін енгізуге кіріскен кәсіпорынның даму стратегиясын таныстырды. Өндірістік процесті толық автоматтандырудың арқасында Қашар карьеріндегі өнімділікті арттыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс процесінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік туған.

ТЖМ басшысы «Жас-Қанат 2006» ЖШС цехтарында болып, құс фабрикасындағы заманауи өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландырумен, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен танысты.

Сонымен қатар министр «ССКӨБ» АҚ кадрларды даярлау оқу орталығында болды. Орталық өндірісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жұмыстарымен айналысады. Орталықтың оқу сыныптарында, соның ішінде виртуалды оқыту кабинеттерінде кадрларды даярлаудағы жаңа бағыттармен, бірлестік мамандары әзірлеген оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен таныстырды.

Жұмыс сапарының соңында Юрий Ильин Рудный қаласы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды.       Қаруландырудағы техника мен жабдықтарды пайдалану жағдайларымен танысты. Жауынгерлік кезекшіліктегі бөлімшенің жеке құрамымен кездесті.

Министрге қалалық жағажай құрылысының 2 жылдық жобасын іске асыру барысы, сондай-ақ Рудный қаласы жаңа өрт сөндіру депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу туралы баяндалды.