Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бірлігі үйлескен мекен

Казіргі таңда ауданымызға қарасты ауылдық округтер «Рухни жаңғыру», «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында ауылдың жанашыр азаматтарының демеушілігімен ауылдың кіре берісіне бағана орнатылды. Бұл туралы «Амангелді арайы» газеті хабарлады.

«Тазалық табалдырықтан бастады» дегендей мекен-жайдың аты жазылған қақпа ауылдың ажарын ашып қана қоймай сол ауылдың төлқұжаты болып есептеледі. Бұл көрініс рухы биік, бірлігі бекем ауыл екенін айқындайды.

Таяуда Қарасу ауылында 1982-2000 жылғы туған азаматтар ауыл әкімі Ғасырсейт Қоржынбаевтың бастамасымен жоба құны 8 млн тұратын әдемі қақпа тұрғызды. Ауылдың азаматтары Дәуғарин Сағадат, Есполов Руслан, Жанарбаев Ерғали бастаған 1983-1984 жылғы жігіттер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсе Әбілдин Олжас, Жүнісов Ғабдылмажит, Шаяхметов Жанат қақпаның құрлыс жұмысын уақытпен санаспай атқарып шықты. Бұл ауыл азаматтарының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып отырған ауызбіршілігі мен татулығын көрсеткен жұмыла кіріскен бір іс болды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жерлес кәсіпкер жігіттер Әбилдин Аслан Ерболұлы, Сәтжанов Ерлан Бақытқалиұлы қақпаның құрлысы жұмыстарына қаржылай көмек жасады.

Тойлары тойға ұласқан қарасулықтар арканың ашылуына тағы бір мәрте жиналып, ашылу рәсімін жасады.

Рәсімде аудан әкімі Т.Карбозов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дауылбай, ауыл әкімі Ғ.Қоржынбаев, ауыл азаматтары Қ.Дәуітбаев, Ж.Досмағанбетов, С.Дәуғарин ауылдық мешіттің имамы Ә. Жұмабайұлы сөз сөйледі. Ауылға жанашырлық көрсетіп, демеушілік жасап жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Құрлысқа ат салысқан азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Арканың ашылу лентасын қиылды. Ал, ақ жаулықты әжелер тәттіден шашу шашты. Ауылдың қадірменді ақсақалы Дулат Баймолдин жиналғандарға бата берді.

Бұдан әрі рәсім мерекеге айналып, киіз үй тігіліп, ауыл өнерпаздары әнмен шашу шашып, шағын театрландырған көрініс пен автошеру өткізілді. Бұл көріністер жиналған жұртшылыққа әсерлі көңіл күй сыйлады. «Көкпар» сайысы , қошқар көтеру сияқты ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

Сыртта жүрсе де , ауылда жүрсе де өздері туып-өскен топырақты қадірлеп, қашанда оған жанашырлықпен қарайтын қарасулықтардың бұл жақсы істері өзге ауыл тұрғындарына да сіңісті болса игі.