Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлы дала ұрпақтары

14 августа 2022 16:00 • 8 689 просмотров

Қостанайда өткен мәдени-танымдық іс-шара барысында қала орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы алаңына тігілген он шақты киіз үйде қазақтың ежелгі салт-тұрмысы мен мәдениетіне қатысты авторлық қолөнер бұйымдары мен ұлттық киім-кешек үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге қатысқан авторлар ара­сында Рудный қаласынан кел­ген ісмер Роза Нұрмаханова да бар.

– Қазақстанға қоныс аудар­ғаныма бір айдан енді ғана асты. Қолымда «қандас» деген құжа­тым бар. Азаматтық алысымен Өзбекстанда бастаған ісімді қай­та жалғастырғым келеді. Негізі­нен қыз-келін­шектерге арналған киім-кешек, одан бөлек, қыз жасауын, ер азаматтардың шапанын тігемін. Сахналық киімдерге де тапсырыс түсіп тұрады. Алдағы уақытта жеке шеберханамды ашсам деген ойдамын. Өйткені қазірдің өзінде тапсырыс бе­ріп жатқандар көбейіп кетті. Қасыма келінімді көмекші етіп алмақпын, – дейді Роза.

Фестиваль аясында «Ұлт асы­лы» атты арулар байқауы ұйым­дастырылды. Көпшілік алдын­да бақ сынаған сұлулар өнерлі-білімді екенімен қоса, ұлттық салт-дәстүрге де жетік екендерін көрсетіп, отбасы­лық құндылықтарды дәріптей білді.

– Ұлттық құндылықта­­ры­мызды кеңінен насихаттау үшін өңірде осындай іс-шара­лар­ды жиі өткізу маңызды. Әсі­ресе жастар үшін ауадай қажет. Бүгінгі фестиваліміздің Ахаң­ның ескерткіші алдында өтіп жат­қанының өзі үлкен мәнге ие. Кейінгі буын төл тарихы мен салт-дәстүрін біліп, рухы мықты болып өсуі керек, – дейді «Ұлы дала ұрпақ­тары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұржан Ермағамбетов.

Фестиваль барысында қа­ла жұртшылығы Қостанай, Рудный шаһарлары мен Қос­танай ауданынан келген өнер­паздардың концертін тамашалады.