Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қазақ тілін тегін үйрен!

Жоба аясында «Сөйле» деп аталатын арнайы тілдесу үйірмесі бастау алып, 12 аймақты қамтитын болады.

— «Сөйле» — қазақ тілінде сөйлегім келеді, үйренемін деуші барша азаматтарға арналған ақысыз түрдегі жоба», — дейді ұйымдастырушылар.

Жоба аясында түрлі іс-шаралар кешені және ауызекі сөйлесу, оқу, жазу сынды бағдарламалар Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында өтеді.

«Соңғы жылдары елімізде қазақ тіліне деген құрмет артып, ерекше статусқа ие болып келеді. Осыған дейін кейбір жастар, азаматтар қазақша тек керек жерде ғана сөйлеген болса, қазір күнделікті қолданысқа еніп жатыр. Бұл бұрыннан қазақша сөйленбей келді деген сөз емес, керісінше қолданыс аясы кеңейе түскенін көрсетеді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұратынын ескерген дұрыс. Достас ұлттардың біздің тілімізге қызығушылық танытып, меңгереміз деушілер қатары да артып келеді. Темірді қызған кезінде соқ демекші, осы тұста жастар қанаты «Сөйле» деп аталатын жобаны іске қосып жатыр. Қазақ тілін оңай әрі тез үйренгісі келетін азаматтарға тегін таптырмас бағдарлама деп айта аламын. Сонымен қоса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілге ерекше назар аударып, мәртебесін жоғарылатуды тапсырған еді. Біз де тіліміздің дәрежесін көтеруге үлесімізді осылайша қосуды ұйғардық», деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

«Үйірме барысында қатысушылар аймақтардағы коворкинг орталықтары мен ЖОО қабырғаларында өтетін домбыра үйірмелеріне, әдеби-рухани кештерге, түрлі челлендждерге белсенді қатысады деп жоспарланып отыр», дейді жастар қанатының өкілдері.

Аталмыш үйірме Қостанай қаласының облыстық кітапханасы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесінің 111 мекенжайында орналасқан