Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы Рудныйда

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Рудный қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы «ССКӨБ» АҚ жылу-энергетика орталығының жұмысымен танысты. Кәсіпорынның бұл бөлімшесі өнідіріспен айналысады, әрі қаладағы нысандарға жылу энергиясын таратады. ЖЭО жобасының электрлік қуаты – 267 МВт, жылу қуаты – сағатына 720 Гкал. Бөлімше 400-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Орталықта 4 бу қазандығы, 5 су жылыту қазандығы және 6 бу турбинасы бар. Биыл қалада жылыту маусымы уақытылы басталған. ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қала толықтай жылумен қамтылып отыр.

Облыс әкімі «Аят» футзалы клубына барды. Ол кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған. Қазір мұнда 500-дей адам спортпен шұғылданып жатыр. Бұл жерде футзал, шағын футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі, үлкен теннис, фитнес секциялары жұмыс істейді. Аталған футзал рудныйлық «Аят» шағын футбол командасы дайындалатын негізгі база саналады. Мұнда 344 адамдық көрермен аренасы да бар. «Аят Арена» футзалы мен «Фитнесс премиумды» салуға 1,2 млрд теңге инвестиция құйылған.

Сапар қорытындысында облыс әкімі Рудный қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуды және қуатты жобаларды жүзеге асыра беруді тапсырды.