Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Beef Export Group зауытында болды

Қостанай облысы әкімінің Құмар Ақсақалов Beef Export Group ет өңдеу зауытында болды. «BEEF EXPORT Group» ет өңдеу комбинаты-бұл өңірдің экономикасына және жалпы саланың дамуына әсер ететін Қазақстандағы ең ірі ет комбинаты.

Өңір басшысы ет өнімдерін қайта өңдеудің жаңа шарттарымен, сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасына әсер ететін заманауи жабдықтармен танысты.

Кәсіпорын басшысы Александр Пархоменко атап өткендей, кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 1500 бастан асады. Ет комбинаты өнімді терең өңдеу үдерістеріне жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Комбинат қалдықсыз кәсіпорын болып табылады, «Халал» нормалары мен стандарттарын, ISO және FSSC халықаралық стандарттарын, Eco санитарлық нормаларын сақтайды.

Дайын өнім шығару 3500 тоннадан астам сиыр етін құрады. Дайын өнімнің 97%-ы ішкі нарықта сатылады, 3%-ы экспортталады.

B Қазіргі уақытта зауытта 200-ге жуық жұмыс орны құрылды.

Шикізатты терең өңдеу технологиясын әзірлеу және енгізу үшін штатты ұлғайту жоспарында.

Жұмыс барысында «BEEF EXPORT Group» ЖШС ет өңдеу комбинаты республиканың 8 облысынан екі жүз шаруашылықпен серіктестік қарым-қатынас орнатты, шамамен 17 500 бас ІҚМ сатып алынды.

Комбинаттың сервистік саясаты малды өзінің орналасқан жерінен ет комбинатына дейін өз көлігімен тасымалдауды көздейді. Өндірушілерге көлік шығындары өтеледі, комбинат мамандары мемлекеттен субсидиялауға беру жөніндегі құжаттарды ресімдеу кезінде консультациялық сүйемелдеу жүргізеді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір үшін осындай өндірістерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кәсіпорын ет өнімдерін өңдеудегі жаңа тәсілдердің үлгісін көрсетіп отыр.