Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көрісу күні деген не?

14 наурыз – Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді.

Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

«Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған.

Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. «Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады.

Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, Жаңа жыл – Ұлыс күнін тойлайтын қазақ Көрісу күнін 1918 жылдан бастап тойлайтын болған. Бұл мерекенің ерекшелігі тек бір күнмен шектелмеуінде болған, ол наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса берген.Бұл бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мейрамы.

Баршаңызға амандық-саулық, ырысты ынтымақ, адалдық пен молшылық тілеймін.

Ұлтымыздың мерекесі елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін!

Лиза МИЗАМБАЕВА, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі