Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«ЕРЛІК- ЕЛГЕ ҰРАН, ҰРПАҚҚА ҰРАН»

10 апреля 2023 10:00 • 527 просмотров

Осыдан 28 жыл бұрын, 7 сәуір Тәжік-Ауған шекарасында бітімгерлік миссиясын атқарып жүрген сарбаздарымыз қарулы лаңкестік топтардың тұтқиылдан жасаған шабуылына тап болған еді.

Есіл ерлер Памир тауларындағы Пшихавр шатқалында күші өздерінен әлденеше есе тасым содырлармен ақтық демдері қалғанша шайқасқа түсті. Төрт сағатқа созылған кескілескен ұрыс 17 ішкі әскер жауынгерінің жасын мезгілсіз ғұмырын қиды. Дегенмен, қайсар ішкі әскер жауынгерлері ел сенімін адал ақтады, жауға жанкештілікпен тойтарыс беріп, ұрпаққа ұран болар ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ерлік өшпейді, ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Қазіргі Ұлттық ұланның 17 жауынгері әрқашан ел есінде, қастерлі Отанның қауіпсіздігі жолында жаужүрек ұландардың атқарған істері мәңгілік құрмет биігінде. Биыл да сол дәстүрге сай, 7 сәуір күні Қостанай қаласындағы полковник Т. Әбдіров пәрменгерлік ететін 6697 әскери бөлімінде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жаужүрек 17 Ұлттық ұлан жауынгерінің ерлік оқиғасының 28 жылдығына орай боздақтарға тағзым жасауға арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Соның бірі, 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік міндеттерін орындауда қаза тапқан 17 жауынгерді еске алу құрметіне орай бөлім жеке құрамы, Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік міндеттерін атқарған ардагерлердің, запастағы майор Қ. Есжановтың жетекшілігімен Қазақ-Түрік лицей оқушылары, запастағы полковник А. Мезенцевтің жетекшілігімен автомобиль колледжі оқушыларының қатысуымен еске алу митингі өтті. Митинг барысында бөлім командирінің баяндамасы оқылып, ардагерлер марапатталып, Қостанай облысы бойынша (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік іс-қимылдар қатысушылары) ардагерлері Кеңесі Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мурзахметов Асхат Умиргалиевич сөз сөйледі, соңында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Қостанай қаласы майор Ж. Ибрагимова