Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бюджет қаражатын басқарудан нәтижелерді басқаруға дейін

Осы қағида бойынша 2022 жылы Қостанай облысы бойынша бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылды.

Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында облыстық бюджеттің атқарылуы және Қостанай облысының 2022 жылғы даму жоспарының іске асырылуы бойынша есеп 26 мамырда тыңдалды.


Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселеде бірнеше түйінді жайттарды атап өтуге болады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша кіріс бөлігі 426,2 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кірістер 50,8 млрд. теңгеге өсті. Бірақ бюджет бойынша шығыс бөлігі 46,6 млрд теңгеге өсті. Бұл білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысының өсуіне байланысты болып табылады. Бюджет тапшылығы жоспарланғаннан 4,7 млрд теңгеге төмендеді. 2022 жылы облыстық бюджет негізінен республикалық бюджеттен субвенциялар мен нысаналы трансферттер есебінен толықтырылды, бірақ өз табыстары да 6,1 млрд.теңгеге өсті.
Облысты дамыту тұрғысынан оң үрдіс байқалады. Онда 3 бағыт, 9 мақсат белгіленген және 124 нысаналы индикатор бекітілген. Аудиторлық Палата жүргізген бағалау қорытындысы бойынша облыс 50 мүмкін балдан 43,55 балл жинады.


Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Костюковтың ақпараты бойынша 2022 жылдың 12 айында 17 аудиторлық іс-шара аяқталды, 83 объектіге шығу жүзеге асырылды, аудитпен қамтылған қаражат көлемі 155,9 млрд теңгені, оның ішінде облыстық бюджет қаражаты 112,1 млрд теңгені құрады, ол 83 объектіде өтті. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 15 материал құқық қорғау органдарына берілді, оның ішінде 1 материал бойынша 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 8 материал бұзушылықтарды қарау үшін уәкілетті органдарға берілді, оның ішінде әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік жүктелді.

2022 жылы жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу бойынша сындарлы басқару шешімдері қажет болатын біздің өңірдің қызмет салаларын белгіледі, оның себептерінің бірі құзыретті кадрлардың жетіспеушілігінде жатыр. Депутаттар қиын жағдайлардан шығудың нұсқаларын ұсына отырып, басқа да проблемалық тұстарға назар аударды.

(Толық ақпаратты 1.06.2023 жылғы №20 » Қостанай-агро » газетінен оқуға болады)