Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сұрақ ашық қалды…

2 июня 2023 19:23 • 576 просмотров

Әңгіме өткен жылы Әулиекөл ауданындағы 35 мың гектар орманның өрттен жер бетінен жойылғаннан кейін, Қостанай облысында ормандарды молықтыру және орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалу барысы туралы болып отыр.

Орман алқабын қалпына келтіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда, бірақ орманшылар әлі де дабыл қағып, жоспарланған жұмыс көлемін белгіленген мерзімде аяқтау мүмкіндігі іс жүзінде нөлге тең екенін мәлімдеп отыр. Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары ағымдағы жылдың 2 маусымында өткен тұрақты комиссия онлайн түрде өткен отырыста осы мәселемен айналысты.

Ормандарды молықтырудың алдыңғы шебінде жүргендер өз баяндамаларында жасыл тақырып төңірегінде қалыптасқан жағдайды сөз етті. Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Е.Г. Клопова және «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ бастығының орынбасары Д.М. Кистер егжей-тегжейлі баяндама-талдау жасады және бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы — Кешенді жоспарды жүзеге асыру мерзімдерін 2030 жылға дейін ұзартылуы болып табылатынын ортаға салды.Баяндамашылар депутаттардан осы мәселенің шешілуінде жан-жақты қолдау көрсетуді сұрады.

Депутаттар мен шақырылғандар тарапынан біршама ұсыныстар түсіп жатты. Іс жүзінде олардың әрқайсысының экономикалық мәселелерді шешуде айтарлықтай тәжірибесі айтарлықтай.

Депутат Махаббат Жұтаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласын қарастырып, дұрыс тетіктерді әзірлеуді ұсынуды жөн көргенін айтты, себебі қате әзірленген алгоритмдердің кесірінен көптеген бағдарламалардың орындалмағанын тілге тиек етті.

Депутат Олег Даниленко бұл мәселенің шешілудің амал-тәсілінің бірі, бір ағаш – бір көшет қағидасы бойынша, өртенген ағаштарды кесіп алып жатқан бригадаларды орман өсіруді қалпына келтіру жұмыстарға шақыру деп санайды.

Депутат Нұрбол Байзиров Кешенді жоспарды жүзеге асыруды бәсекелестік ортаға көшірудің орындылығы туралы пікірін білдірді. Көрсеткіштерді азайту және жоспарды қысқарту, аз болса да сапалы болсын деген принцип бойынша, жетіспейтін техниканы жалға алынған техникамен, ал жұмысшы тапшылығын еріктілерді шақыру арқылы толтыру туралы ұсыныстар айтылды.

Бұған: — Орман өсірумен тек мамандар айналысуы керек», — деп түйіндеді Е.Г. Клопова.

Әрине, жақсы дамыған тетіктер болмайынша, ортақ түйінге келіп, дұрыс шешім табу қиын, сондықтан жиынды қорытындылай келе, Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Манасбаев бұл мәселенің ашық күйінде қалатынынжәне депутаттар осы сұраққа биылғы жылдың қараша айында қайтып оралатын айтты. Сонымен қатар, депутаттардың Экология министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу мерзімін қайтадан қарастыру үшін үндеу әзірлеп жатқаны белгілі болды. Толығырақ ақпарат «Қостанай-агро» газетінің 8 маусымдағы 21-ші санынан оқи аласыздар.