Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алтын сақа

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты нысаны да, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған.

Асық ойыны балалардың дамуына үлкен септігі тиеді. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақсақа ғой немесе асығы алшысынан түсті, бүге-шігесіне дейін анықтау.

Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып, ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні — халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы дәстүр бойынша 5 жасар ер балалар арасында өтетін «Алтын сақа» сайысы да өз деңгейінде атап өтілді. Сайысқа ауданымыздың 3 балабақшасы мен ауылдық округтардан келген бүлдіршіндер қатысып, 5 кезеңнен тұратын «Тегін білу, тектілік» (сұлтандар өздерін таныстыр), «Шебер қолдар» (қамшы өру), «Өнерлінің өрісі кең» (өз өнерін көрсету), «Ер бойында жарасар сәндік киім» (киім үлгісін көрсету), «Алтын сақа» (асықты көздеп ату) сайыста бүлдіршіндер өздерін бар қырларын жақсы көрсете білді. Сайысқа төрелік еткен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені «Қаламқас» балабақшасынан келген Түсіпқали Асылжан иеленді.

Бірінші орынды «Жұпар» балабақшасынан келген Ғабит Шахмұрат иеленсе,

Екінші орынды Үрпек ауылыннан келген Жұрынбек Айсұлтан мен «Балдырған» балабақшасынан келген Дәуренбек Арнұр мен Тасты ауылыннан келген Бейсенбай Айбат жеңіп алды.

Ал үшінші орынды Байғабыл ауылынан келген Салауат Әлихан Салауатұлы және Есір ауылыннан келген Жақсыбай Ержігіт пен Құмкешу ауылыннан келген Жомарт Мейіржан женіп алды. Сонымен қатар Амантоғай ауылынан келген Таңат Батырбек «Шебер жігіт» номинациясын женіп алса, Жалдама ауылынан келген Қуанышұлы Расыл «Сымбатты жігіт» номинациясын женсе Қарынсалды ауылының келген Арабай Араби «Өнерлі жігіт» «номинациясын женіп алды.

«Алтын сақа» сайысын өткізу арқылы қазақ халқының ұлттық ойынның дәстүрін бір жаңғыртып алғандаймыз. Байқау қатысушылары да, көрермендері де өткізілген іс-шарадан тағлымды тәрбие алды деген сенімдеміз. «Алтын сақа» сайысында бүлдіршіндерге демеушілік еткен «Альфа- Нұр», «Қуанаш», Ожан», «Тілектес» «Олжас»,

«Сержан», «Інкәр» сауда үйлеріне және жеке кәсіпкер Карбозова Жақсыбике, кәсіпкер Байзаков Мадияр, Сағынбаева Айгул, ішкі саясат бөлімі басшысы Көптілеуов Бекболат және Аманкелді әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің, тілдерді дамыту орталығы демеушілік жасады, Аманкелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің, «Жастар ресурстық орталығы КММ» және Амангелді аудандық орталық кітапхана жүйесіне алғысымыз шексіз.

Зарина МҰСАБАЕВА, Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі. Суреттерді түсірген автор