Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (New) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауданның әлеуеті жоғары

Қостанай ауданы – өңірдегі халық ең көп қоныстанған аудан. Облыс орталығының іргесінде жатқан ауданның өзгелерден озық болуы да заңдылық.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Озерный, Мәскеу ауылдарына жұмыс сапарымен барды. Бірнеше нысанды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Биыл мұнда ауданның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғаспақ.

Мәселен, осы жылы ауданды сумен қамтамасыз етуге1,8 млрд теңге бөлінді. Бірнеше елді мекендерде су құбыры желілерінің және Қостанай-Заречное аралығындағы су құбырының құрылысы аяқталады. Жолдарды жөндеуге қаржыландыру 2022 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайды.

Бұдан соң облыс әкімі Мәскеу ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Оның алдында аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов және ауылдық округ әкімі Нұрлан Кузайбин есеп берді. Тұрғындар да өңір басшысына сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ол жайылымның жетіспеушілігін, қаламен екі ортаға қатынайтын автобустың жоқтығын және былтыр іске қосылуы керек болған ауыз судың жағдайын мәселе етіп көтерді. Қ. Ақсақалов барлық түйткіл жерде қалмайтынын жеткізді.

Қостанай ауданында білім беруді дамытуға 2,5 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, Заречныйда 900 орындық мектеп салуды бастаймыз. Биыл денсаулық сақтаусаласына 3,0 млрд теңге қарастырылды. Қаражатқа емхана, дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. 498,8 млн.теңге Заречное ауылына мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруға арналған жабық манеж тқұрылысын аяқтауға бағытталмақ.

Кейін облыс әкімі Озерный ауылына ат басын бұрып, «К.Маркс» ЖШС-не барды. Тұтас ауылға тіреу болып отырған іргелі серіктестік 1999 жылы құрылған. Мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мұнда ұзын саны 450 адам жұмыс істеп жатыр. Орташа жалақы – 294 мың теңгеден асады.

Одан кейін Құмар Іргебайұлы осы ауылдағы музейге, спорт кешеніне арнайы барып, балалар ойын алаңының құрылысымен танысты.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды