Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ешқандай кедергілер жоқ, жұмыс уақытында аяқталады

10 августа 2023 20:04 • 481 просмотров

Өткен қыс рудныйлықтар үшін оңай болған жоқ. Жылуберу желісіндегі жарылыстар салдарынан көптегенкөпқабатты үйлердің жылусыз қалуы жиеленіп кеткен болатын. Сондықтан, Рудный қаласының коммуналдық қызметі жаңа жылу маусымына жаз келісімен-ақ кірісіп кетті. Сонымен қатар, Рудный қаласындағы жылу желілерін қалпына келтіру барысы облыстық мәслихат депутаттарының әрдайым тұрақты бақылауында.

Сол себептен облыстық мәслихаттың депутаттары Анатолий Злой, Ерлан Әлкенов, Қырмызы Жаңбыршина және облыстық маслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Манасбаев жақын арада Рудный қаласына  барып, өңдеу жұмыстарының қандай деңгейде болып жатқанына көз жеткізіп келді. Олар мердігерлермен кездесіп, қаржыландыру жеткілікті ме, жоқ па, сондай-ақ өңдеу жұмыстарын мезгілінде аяқтау үшін кедергілердің бар-жоғын сұрап, көңіл толарлықтай жауап алды.

Депутаттар бұл жағдайды тәулік бойы қадағалап,проблемалық мәселелер туындаса, оларды шешуге дереу көмек көрсетіп отырады.

Ерлан Әлкенов Рудный қаласының тұрғыны болғандықтан  барлық мән-жайдан хабардар:

– Қалада нысандарды қайта жаңғыртудың бірнеше бағыттары бар, – дейді Ерлан Дастанұлы. – Жобалардың бір бөлшегі – өткен жылғы төтенше жағдайға байланысты орындалуда. Мұндай жеті жоба бар, оның бесеуі жүзеге асырылды. Енді орындалмаған екі жоба қалды, бірақ олардың  жүзеге асырылуына ешқандай кедергі жоқ. Келесі жылға тағы екі жоба орынладады деген үміттеміз.

— Рудныйдағы жылу желілерін қайта жаңғырту ең біріншісінен қала тұрғындары үшін маңызды, ал жалпыайтқанда, жылу беру маусымына дайындық бүкіл ел үшін маңызды екені сөзсіз, – дейді депутат Анатолий Злой. – Елбасы биылғы жылы жылу жүйелерінің тозуын 40%-ға төмендетуге үлкен міндет қойып отыр. Біз Рудныйда жұмыстың жедел қарқынмен жүріп жатқанына көз жеткіздік. Кесте бойыншажоспарланғанның бәрі орындалып жатыр. Жылу желілеріне түсетін жүктеме азаяды, бірақ ең бастысы, қала тұрғындары сапалы жылу алады. Ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір келеңсіздіктерге қала тұрғындарының көпшілігі түсіністікпен қарайды. Бүгінде барлық ресурстар жылу беру маусымына дайындықты тезірек аяқтауға бағытталған.

Бүгінгі таңда Рудныйда жылу желілерін қайта жаңғыртуда еш кедергі жоқ. Бір кездері  құбырларды кешігіп жеткізетін болатын, бірақ қазір бәрі қайтадан кесте бойынша орындалып жатыр.

Василий Васильев, суреттер автордікі