Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жол жөндеуге қомақты қаржы

11 августа 2023 11:20 • 453 просмотров

Қостанай облысының жолдарын жөндеуге 150 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Өңірде жүк тасымалының көлемі ұлғайғалы тұр. Өнім өңдеу саласында негізгі салмақ осы бағытқа түсетінін ескерген басшылық, ең алдымен облысішілік, халықаралық маңызы бар жолдарды жөндеу міндеті алдан шығып отырғанын айтады.

— Республикада ең ұзын автокөлік дәлізі біздің облысқа тиесілі. Оның ұзындығы 9179 шақырымға тең. Мемлекет басшысы транспорт саласы мен логистиканы жақсарту үшін нақты тапсырма берді. Осыған орай 2023–2025 жылдары көлік жолдарын жөндеуге 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлеміз. Бұл астықты өңірдегі жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 95%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.