Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Батырдың құрметіне музей ашылды

13 августа 2023 10:00 • 362 просмотров

1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған жан-жақты республикалық іс-шаралар науқаны басталды.

Бүгін облысымыздың музей қорлары ұйымдастырған ауқымды көрме Семей қаласында ашылуда. «Халық батыры» көрмесі облыстық тарихи-өлкетану музейінің игі бастамасымен жүзеге асуда.

А. Имановтың өнегелі өмір жолы өңір тарихымен тығыз байланысты. 1910 жылы Амангелдінің туған жері Терісбұтақ ауылында оның бастамасымен мектеп салынды. А. Иманов көтеріліске дейін қазақ даласында халық азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы тұлға ретінде танылған. Көрме экспозициясына тыл жұмыстарына шақыру туралы патша жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттері, А. Имановтың домбырасы мен туыстарының жеке заттары және сарбаздардың қару-жарақтары, Кейкі батырдың кебежесі, мүсіні, кесенесінің макеті қойылған.

Шараға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, сол өңірдің мәдениет қызметкерлері қатысты. Бұл облыстық тарихи-өлкетану музейі, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейі, Аманкелді ауданындағы А. Иманов атындағы мемориалдық музейі және Жанкелдин ауданындағы Торғай музейлер кешені қорымен жасақталған. Көрме қала тұрғындары үшін бір ай бойына жалғасады.

Аманкелді Иманов 1873 жылы Торғай уезі Қайдауыл болысының № 3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі – Қостанай облысының Аманкелді ауданы. Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905–1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды.

Амангелді Иманов 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады.

1905–1907 жылдары орыстың 1-төңкерісінің азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896–1908 жылдары патша өкіметі оны «сенімсіз» адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

Бақыт ТҰРАШ, сурет музей ұжымынан