Депутат – заң шығарушы органға сайланған, қоғам игілігі үшін қызмет ететін, өз сайлаушыларының мүддесін қорғайтын халық өкілі. Депутаттық қызметте азаматтардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасауға және мемлекетті дамытуға бағытталған көптеген міндеттер мен жауапкершіліктер аз емес. Депутаттық жұмыстың негізгі аспектілеріне А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ ректоры Сейітбек Қуанышбаевтоқталып өтеді.
– Сейітбек Бекенұлы депутаттыққа қалай келдіңіз?
– Биылғы жылдың наурыз айында «Аманат» партиясынан партиялық тізімге ұсынылдым. Мен бұрын депутат болған емеспін.
– Не үшін депутат боламын деген шешімге келдіңіз?
— Әлеуметтік қызмет мәселелерімен айналысып,Қостанай облысының дамуына өз үлесімді қосқым келді. Бұл бағытта депутаттық жұмысымдыоблысымыздың оңтүстік өңірлерінен бастаған едім.
– Оңтүстік өңірлер туралы сөз қозғасақ,сайлаушыларыңызбен қаншалықты жиі кездесіп турасыз?
-Мен үнемі байланыстамын. Аптасына екі-үш рет хабарласып, Zoom арқылы арласып тұрамыз. Мен Арқалық қаласында 10 жылдан астам жұмыс істедім, көптеген жергілікті тұрғындарды білемін және олардың мәселелерінен хабардармын. Мен оларға көмектесуге тырысамын, керек болса кеңес беремін, мысалы, мәселені шешуде қандай тетіктерге назар аудару қажеттігіне.
– Әріптестеріңіз сияқты сіз де азаматтарды тұрақты түрде қабылдайсыз. Сізге қандай мәселелер бойынша хабарласуға болады?
-Әр түрлі мәселелермен. Мүмкіндігінше көмектесуге және қолдауға тырысамын. Кей кезде адамдар өте қиын мәселелермен келеді. Сонда жауапты мемлекеттік ұйымдарға депутаттық сауалдармен жүгінуге тура келеді. Заң аясында орындалмайтын өтініштер де бар, әдетте, бұл жеке, күнделікті мәселелермен байланысты болады. Бірақ мен әрқашан көмектесуге тырысамын, әкімдіктің құзыретті жауапты мемлекеттік органдары жұмысыма көмектеседі, біз азаматтарға қандай шара қолдану керектігін бірге түсіндіреміз.
— Негізгі міндеттеріңіз қандай?
– Ең алдымен халықтың мәселесін көру. Мен әлеуметтік мәселелерге көбірек уақыт бөлемін, бұл өте күрделі сала. Қостанай облыстық мәслихатының комиссиясында мен және менің әріптестерім қандай мәселелерге немесе сұрақтарға біріншіден көңіл бөлу керектігін ажыратыпотырмыз. Біз бұл ақпаратты облыс әкімі мен атқарушы органдарға, олардың білім және денсаулық сақтау салаларында жақсы жағдай жасап отыруы үшін хабарлап отырамыз. Бұл салалар -басты назарда. Біз министрлермен, Мәжіліс депутаттарымен, Сенатпен кездескенде, олардың назарын бірден орын алып отырған мәселелерге аударамыз.
– Айтыңызшы, жұмысыңызды депутаттық қызметпен қалай ұштастыра аласыз?
— Бұл оңай жұмыс емес. Кейде жұмыстан кейінқалып істеуге тура келеді. Уақыт тапшылығы салдарынан, депутаттық мақсат-міндетті жұмыстан тыс уақытта өтеуге міжбүр боламыз, бірақ мен осы уақытқа дейін бәрін үлгеріп келемін.
– Келесі жылға деген жоспарыңызбен бөліссеңіз.
-Демалыс алып, оңтүстік облыстарға барып қайту. Жергілікті халықпен араласып, жүздесіп, олардың өзекті мәселелерін білсем бе деп отырмын. Одан кейін осы мәселелерді мәслихат сессиясының талқылауына шығару. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбілмен кездесу өткізіп, Ғылым министрлігі алдында білім саласына қатысты мәселелерді көтерсеміз деп жоспарлап отырмын. Біз реформалар өткізуді ұсынбаймыз, бірақ заңнамадағы кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізсе — бұл ғылымның дамуына септігін тигізер еді.
Василий ВАСИЛЬЕВ, сурет автордікі