Қостанай қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жай-күйімен танысу үшін, осы адуандағы №12-ші және Юбилейный шағын ауданындағы БМК-93 қазандығына, Береке шағын ауданындағы қазандық жұмыстарымен танысты.
Бүгінгі күні Юбилейный шағынауданындағы БМК-93 47 көппәтерлі тұрғын үйді (КТҮ) жылытады, Береке шағынауданындағы қазандық 18 КТҮ, ал Аэропорт шағынауданындағы №12 қазандық 43 КТҮ жылумен қамтамасыз етуде.
Айта кету керек, бүгінгі таңда барлық 95 жылу көзі, оның ішінде 4 ЖЭО штаттық режимде жұмыс істейді.
Барлық білім беру объектілері (639), Денсаулық сақтау (458), әлеуметтік (471) және тұрғын үйлер (2 838) жылумен жабдықтауға қосылған. Жоспар 550,1 мың тонна болғанда 497,8 мың тонна көмір немесе 90,5% дайындалды. Ағымдағы жылы 18 млрд.теңге сомасына жылумен жабдықтау объектілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 4,3 млрд теңгеге жылу көздерінде, 13,7 млрд теңгеге жылумен жабдықтау желілерінде. 6 бу, 4 су жылыту және 2 турбогенераторда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 21,4 км жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары толығымен аяқталды, бұл тозуды 2,5% – ға төмендетуге мүмкіндік берді.
2024 жылға арналған жылумен жабдықтау саласындағы инфрақұрылымды жақсарту жоспарлары да бар. 21,5 млрд теңге сомасына 29,7 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Қостанай, Рудный және Жітіқара қалаларында 3 бу және 2 су жылыту қазандықтарын күрделі жөндеу, сондай-ақ кәсіпорындардың бюджет және меншікті қаражаты есебінен жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге 1 су жылыту қазандығын қайта жаңарту жоспарлануда. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді.