Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жітіқарада жаңа әкім

Қазақстан Республикасының Конституциясы 87-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Қостанай облысы әкімінің өкімімен Жітіқара ауданы әкімінің лауазымына Аслан Амантайұлы Жаныспаев тағайындалды.

Аслан Амантайұлы Жаныс­паев 1982 жылы туған, Қостанай облысы Жітіқара ауданының тумасы, қазақ, білімі жоғары. 2003 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша, 2016 жылы Челябі мемлекеттік университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылдың наурыз айынан бастап Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында бастады, онда әр жылдары бухгалтерлік есеп және ішкі аудит бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, басшысы лауазымдарын атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қазанына дейін Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеді. 2022 жылғы қарашадан бастап – «Тобыл» ӘКК» АҚ төрағасы.

Бақыт ТҰРАШ