Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қалыпқа келтіру жұмыстары басталды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Амангелді және Жангелдин аудандарындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары су тасқыны салдарын жою, соның ішінде зардап шеккендерге мүлікті қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізуде.

864 үй зерттелді, оның 561-і қалпына келтіруге жатады. Бұл үйлерге келтірілген шығын бағаланған соң, тиісті сома төленеді. Қалпына келтірілмейтін 303 үйдің орнына жаңа баспана біреледі.

Оңтүстік өңір тұрғындары және жалпы барлық халық үшін басты көмек – өлген мал үшін өтемақы болып табылады. Залалды өтеу бойынша төлемдер бағалау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта 637 бас малды бағалау бойынша есептер дайын, 64 млн теңге өтемақы төленді.

Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен басталған. Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлемге 3180 өтініш берілді. 1720 жанұя бойынша 635 млн теңге төленді.

Облысымыздың оңтүстік аудандарында су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында біз зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда Арқалық қаласында жалпы сомасы 370 млн теңгеге 27 пәтер сатып алуға шарттар жасалды. Шарттар бойынша төлем жүргізіледі және барлық заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін пәтерлер зардап шеккендерге тегін беріледі. Қазірдің өзінде 4 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды.

Су тасқынынан қатты зардап шеккен Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарымен кездестім. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік және қажетті заттар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, ауылға шаруа қожалықтары мен халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін генераторлар жіберілді.

Арқалық-Қызылжұлдыз жолының қалпына келтіру жұмыстарын қарап шықтым, онда жалпы сомасы 120 млн теңгеге 62 км темірбетон көпірі мен су өткізу құбырларына орташа жөндеу жүргізілуде.

Восточное жалпы білім беретін мектебінде SpaceX компаниясының Starlink жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернетті қосудың іске асырылуын тексердім. Осы шаралардың арқасында оқушыларға жоғары жылдамдықты интернетке сапалы қосылу мүмкіндігі бар.

Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіру және тұрғындарды қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті көмекті жасайтын болады.

Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауына алынған.

Бүгінгі таңда облыстың оңтүстік өңірінде 37 елді мекеннің ішінен 23 елді мекенде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді. Қалған ауылдарда қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған ауылдарды электр жарығына қосу қиындық келтіріп отыр, себебі электр бағандары су астында, ал арнайы техниканы ол жаққа өте алмайды.

Жер құрғап, жол ашылғаннан кейін жөндеу жұмыстары бірден жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта Екіді ауылы мен Тәуелсіздік қосалқы станциясында электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кабельдік арналар кептіріліп, кабель төсеу үшін науаларды ашу жұмыстары жүргізілуде. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін 35-ке жуық адам және 20 арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, электрмен жабдықтаудың барлық схемасын сәйкестендіру бойынша компанияларды тарту жоспарлануда. Жергілікті тұрғындардың жағдайын ескере отырып, мердігерлік ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзімі қысқарады.

Бақыт ТҰРАШ, сурет Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды