Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Рудныйда қоныс тойы тойланды

6 июня 2024 8:54 • 277 просмотров

Кеншілер қаласында үй кезегінде тұрған 21 адамға пәтер кілттері табысталды.

Баспаналы болғандар қатарында жетім балалар, толық емес отбасылар, көп балалы жанұя және 1–2 топтағы мүгедектер мен зейнеткерлер бар. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пәтер иелерінің қуанышына ортақтасып, қоныс тойларына құтты болсын айтты.

Рудный қаласында Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі № 46 тұрғын үйде жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Жаңа үйдегі 21 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілді. Жиырма бір пәтердің алтауы үш бөлмелі, он екісі екі бөлмелі және үшеуі бір бөлмелі.

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысына сүйенсек, сатып алудың жалпы құны 463 104 000 теңге болған.

«Жаңа үйдегі 21 пәтер халықтың осал топтарына берілді. Пәтерлер республикалық және облыстық бюджет есебінен сатып алынды. Бұл қаладағы қолданысқа берілген екінші баспана. Айта кету керек, облыс аумағында, сондай-ақ Рудный қаласында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жүйелі шешілуде. Биыл кеншілер қаласында тағы алты көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, қалада инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бос тұрған көп қабатты тұрғын үйлердің барлығын жөндеп, кезекте тұрған адамдарға беретін боламыз», – деді Құмар Ақсақалов.

Аталмыш тұрғын үй «Qazaqstan Construction Holding» ЖШС жеке инвесторының қаражаты есебінен салынды. Олар ғимаратқа құрылыс жұмысын ақпан айында бастап, 1 маусымда толық аяқтап отыр. Тұрғын үйдің жанында көлік тұрағы және балалар ойын алаңы салынған.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, пәтерлер республикалық және облыстық бюджет есебінен сатып алынды. Бұл қаладағы қолданысқа енгізілген екінші баспана.

Айта кету керек, облыс аумағында, сондай-ақ Рудный қаласында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі шешілуде. Биыл кеншілер қаласында тағы алты көпқабатты тұрғын үйді қолданысқа енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар, қалада инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралардың барлығы да Рудный қаласының тартымдылығын арттыра түсуі тиіс.

Бақыт ТҰРАШ