Лисаковта ФАП салынды

8 августа 2024 9:13 • 585 просмотров

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Лисаков қаласына болды. Онда өңір басшысы Октябрь кентінде замануи үлгіде салынған дәрігерлік амбулаторияны көріп, моно шаһардағы тағы да бірқатар нысандарды аралады.

Атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға көңілі толды. Алдағы екі жылда Қостанай облысында фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланған.

Төрт нысанның құрылысы аяқталды, тағы екеуі аяқталуға жақын. Жалпы құны 559,1 миллион теңге болатын жаңа ФАП-тың бірі жақын арада Лисаков қаласының Октябрьский кентінде ашылады.

— Ауыл тұрғындарының денсаулық саласындағы әлеуетін арттыру біздің назарымызда. Аталмыш ауылдарда жоқ дегенде осындай алғашқы медициналық көмек пен бас ауырып балтыры сыздаған кезде қалаға сабылмайтындай өз ауылда қаралуға мүмкіндіктері болуы керек. Тиісті қаражаттар бөлінуде, ендігі кезекте сіздердің жұмыстарыңыз сапалы болуы шарт. Сонымен қатар амбулаториялық орталыққа жұмыс істеуге келетін дәрігерлерді баспанамен қамту да өз шешімін табады, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Лисаков қалалық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Аленованың айтуынша, Октябрь ауылында заман талабына сай жасақталған дәрігерлік пунк ашылу жоспарланып отыр. Ең бірінші кезекте бұл ауыл тұрғындарына өте қолайлы болмақ. Тіс дәрігерінен бастап, акушер маманға дейін дәрігерлік құрам жасақталған. Барлық жабықтар жаңа және заманауи техникалармен қамтылған.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды