Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мақсат — астықты уақытында жинау

26 сентября 2024 9:12 • 248 просмотров

Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин келді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің бірқатар нысандарын аралады.

Ол бірінші кезекте Қостанай қаласындағы «Аруана» ЖШС диірмен кешеніне барды. Диірмен жылына 85 мың тонна астық өңдейді. Қазіргі таңда нысан жұмыс істеуге дайын.

Бұдан соң Серік Жұманғарин «Олжа Агро» астық сақтау кәсіпорнына барды. Бүгіндері мұнда жұмыс қызған. Жиналған егінді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Меңдіқара ауданына ат басын бұрды. Мұндағы Степанов ауылында 1200 басқа шақталған сүт фермасы салынып жатыр. Бұған қоса көршілес Соснов ауылдық округінде қуаттылығы 400 басқа дейінгі сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр.

Осылайша, облыста сүт өнімдерін өңдеу деңгейі 85% – ға жетеді және болашақта бұл көрсеткішті тек арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Агрофирма Каркын» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен кездесуде өңір басшылары фермерлерді мемлекеттік қолдау шараларын және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетудің маңызды мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлер мемлекет көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдіріп, инвестициялық ахуалды жақсарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Серік Жұманғарин атап өткендей, Қостанай облысы өнеркәсіпте де, аграрлық секторда да экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуін көрсетіп келеді.

Облыс кәсіпорындары дәнді және майлы дақылдарды өсірумен және өңдеумен, сондай-ақ сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналыса отырып, әртараптандырудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды