Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Су арнасы салынды

31 октября 2024 9:25 • 275 просмотров

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданында жұмыс сапарымен барды. Ол аудандағы әлеуметтік нысандарды аралап, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, су өткізетін арнаның құрылысын тексерді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік жобалардың іске асырылуымен танысып, тұрғындармен кездесті. Сапар барысында ол Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес ауылдық аумақтарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

— Биыл ауылдық елді мекендерді дамытуға шамамен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артық. Бұл өзгерістерге қол жеткізу үшін бизнестің қоғам өміріндегі рөліне ерекше назар аударылады, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Осы мақсатта ол Ленин ауылына ат басын бұрып, ауыл тұрғындарымен тілдесті.

Бұл ауылда «Бірлік-Өмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі осы серіктестікте еңбек етеді. Сол себепті шаруашылық басшысы Оразалы Өмірбеков қызметкерлерге арнап баспана құрылысын қолға алған.

Сондықтан да «Бірлік-Өмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметі жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің мысалы болып табылады. Компания өз қызметкерлеріне үй салып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастырып отыр.

Серіктестік тұрғын үй құрылысына 245 млн теңге және хоккей кортын салуға 32 млн теңге бөле отырып, «Бірлік-Өмір» ЖШС бизнестің әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып, ауыл үшін жарқын болашақты қалай қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.

— Біз осы ауылда еңбек етіп отырғасын оның бүкіл қоғамдық өміріне белсене атсалысамыз. Жерлестеріміздің жұмысына қолайлы жағдап жасап, олардың алаңсыз еңбек етуіне көңіл бөлеміз. Өткен жылы үш үй салдық. Биыл төрт үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл баспаналар біздің жұмысшыларға бұйырады. Қазіргі таңда орташа жалақы 220 мың теңгені құрайды, – деп атап өтті серіктестік басшысы Оразалы Өмербеков.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жасаған іссапарында ауыл шаруашылық өнім өндірушілерін ауыл-аймаққа көмектесуге шақырған болатын. Қарасу ауданындағы Ленин ауылы Мемлекет басшысы тапсырмасының жарқын мысалы.

— Еңбек өнімділігінің артуы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайына тікелей байланысты, бұл заттар бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен бизнестің міндеті – тиісті жағдай жасау – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов

Биыл көктемде еліміздің біраз облыстарында су тасқыны орын алды. Бұл жағымсыз жағдай біздің облысты айналып өтпеді. Ол 1 280-ден астам үйге зақым келтірген болатын. Дегенмен, Қостанай облысы елімізде бірінші болып су тасқыны салдарын жою бойынша жұмысты аяқтады.

Қарғын судың залалаыҚарасу ауданына ауыр тиді. Мұнда су жолды бұзып, әлі күнге дейін кетпеген.

Бұның салдарын жою үшін Қарасу ауданында ұзындығы 14 шақырымнан асатын, құны 438 млн теңге болатын су бұру арнасы салынды. Бұл ауылшаруашылық жерлері мен тұрғын үйлерді сақтауға мүмкіндік беретін су тасқынының алдын алудың маңызды қадамы.

— Көктемгі тасқыннан қалған суды өткізу үшін бюджеттее 438 млн теңге бөлінді. Мердігер ұйым «Евро Жоба» ЖШС жұмысты уақытылы әрі сапалы орындады. Арнаның ұзындығы 14 шақырымнан асады, ені 20 және 40 метрге дейін жетеді. Тереңдігі – 2 және 13 метр, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Бұдан соң облыс әкімі аудан орталығындағы «Достық» мәдениет үйінде Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті.

Мұнда аудан әкімі Қайрат Оспанов Қарасудың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

— Есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді. 2024 жылға арналған аудан бюджеті 5 млрд. 624,9 млн теңгені құрайды. Негізгі капиталға 5,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Тұрғын үйді пайдалануға беру – 2 мың 39 ш. м., өнеркәсіп өнімі 442,5 млн теңгеге өндірілді. Ауданның экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі – ауыл шаруашылығы. Қарасу ауданында ауыл шаруашылығы қызметін 496 кәсіпорын, оның ішінде 41 ЖШС және 455 шаруа қожалығы жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 9 айында 37,5 млрд теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бүгінгі күні дәнді дақылдарды жинау аяқталды, бастыру 1 млн тоннадан астам, орташа өнімділігі 15 ц/га құрады.

Майлы дақылдарды жинау жалғасуда. Ол 43,7 мың га немесе 63,2% бастырылды, орташа өнімділік 3,5 ц/га. Саланы дамыту үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 6,2 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. Бұдан басқа, ауданда 5 инвестициялық жоба жоспарланған. Оларды пайдалануға беру 2025–2029 жылдар аралығында қарастырылып отыр. Прогресс ауылында қуаттылығы жылына 2,4 мың тонна сүт өндіретін құны 3,3 млрд.теңге болатын 550 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жоспарланған. Бастамашысы – «Ақ Ниет» ЖШС. Комсомольское ауылында қуаттылығы жылына 2 мың тонна сүт, құны 1,5 млрд теңге болатын 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын салынады. Бастамашысы – «Бидай К» ЖШС, жобаны іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, Восток ауылында құны 1 млрд теңге болатын асыл тұқымды репродукторды 2 мың басқа дейін кеңейту, бастамашысы – «Караман-К» ЖШС, жобаны іске қосу 2028 жылға жоспарланған. Құны 1 млрд теңгеге Қарамырза ауылында асыл тұқымды репродукторды 2 мың басқа дейін кеңейту, бастамашысы – «Рамазан-Қарасу» ЖШС, жобаны іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес 1162 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 753 адам орналастырылды, 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарында, жастар практикасында – 14 адам, Орта жастағы – 8 адам, бірінші жұмыс орны – 6 адам, қоғамдық жұмыстарға – 67 адам қатысты. Сумен жабдықтау саласында ауданның 39 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 36 ауылы қамтамасыз етілген. Жалпы адам саны 19 069. Биыл өткен жылы аяқталуы тиіс проблемалық объектілерді орындау аяқталады. Бұл Қарасу ауылында дене шынықтыру нысанының құрылысы, Герцено ауылына кіреберіс жол, 4 ауылды сумен жабдықтау жобасы. Халықтың көптеген өтініштері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляеваның көмегімен Қостанай-Алматы поезының Қойбағар станциясында аялдамасы қайта жанданды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар аудан халқының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында ауданның тұрақты экономикалық өсуін сақтау, әлеуметтік, көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындауға бағытталғанын атап өткім келеді, – деді Қарасу ауданының әкімі Қайрат Оспанов.

Бұдан соң жергілікті серіктестік басшысы, ауылдық округ әкімі жәнн полиция қызметінің басшысы баяндама

жасады. Облыстың дамуы туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов айтып берді.

— 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің тау-кен өндіру саласында – 9,2%-ке, саудада – 9%-ке, құрылыста – 16,8%-ке, көлікте – 4,7%-ке, ауыл шаруашылығы – 23,2%-ке, инвестициялар – 7,6%-ке өсуі тіркелді. Облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 10,4%-ке ұлғайды және 694,0 млрд теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықта орташа айлық еңбекақы 13,1%-ке ұлғайып, 325,3 мың теңгені құрады. Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігері ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеріп, өркендеу үшін жағдай жасай отыр. Дамудың қуатты катализаторы ретінде қызмет етеді. Бұл жай ғана инвестиция емес – бұл ауылдың әрбір тұрғыны өзін қорғалған және сенімді сезінетін болашаққа қосқан үлесі, – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Бұдан соң облыс әкімі Қарасу ауданының тұрғындарыныі сұрақтарына жауап берді.

Бақыт ТҰРАШ