Қала тұрғындарымен кездесті

12 декабря 2024 9:18 • 385 просмотров

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында қаланың және өңірдің даму көрсеткіштері жария етіліп, алдағы уақытқа құрылып отырған жоспарлар баяндалды.

Облыс әкімінің баяндамасына сүйеніп, 2023 жылдың 10 айымен, осы жылдың

10 айдағы қорытындысын салыстырсақ, макроэкономикалық көрсеткіштердің мына салаларда өсуі қамтамасыз етілді: тау-кен өндіру саласында – 10%-ке, ауыл шаруашылығында – 24,5%-ке, құрылыста – 13,6%-ке, инвестиция салуда – 10,2%-ке, көлікте – 5,5%-ке, саудада – 9,1%-ке.

Облыс бюджеті 2 жыл ішінде 1,6 есеге ұлғайып, 694,5 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар

2 жыл ішінде 24% өсіп, 600 млрд теңгеден асады.

Соңғы 2 жылда тікелей шетелдік инвестициялар 1 млрд. АҚШ долларынан астып отыр. Қостанай қаласының бюджеті 2 жылда 1,5 есе өсті, яғни 140 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Инвестициялық жобаларға көшпес бұрын өңір басшысы Құмар Ақсақалов Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін магистральдық газ құбырын салу бойынша ірі жобаны атап өтті.

Қостанай облысына қосымша газ көлемі келетін болса, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық әлеуеті арта түстені анық.

Қазірдің өзіңде облыс аумағында бірқатар жоба жүзеге асып жатыр. Соның бірі – шойын құю зауыты.

Сондай-ақ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Chevrolet Оnix автомобильдерін шағын тораптық өндіру жобасын іске асырды.

— Экономиканың өсуін қаматамсыз ету үшін газдың электр энергиясының жеткілікті қоры болуы қажет. Сондықтан біз бүгінгі күні мынадай жабаларды бастадық. Өткен жылы Арқалық қаласында жел электр станциясын салынды. Сонымен қатар, тағы 2 жоба жүзеге асырылуда. Қуаты 22 МВт болатын күн электр станциясы және қуаты 40 МВт болатын газ поршенді электр станциясы. Тағы бір перспективалы жоба – ол Рудный қаласында жел электр станциясын салу. 165 жел қондырғысы салынады. Осы нысанды іске қосу өз электр энергиясын өндіруді 9 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы жаңа «KIA» зауытының құрылысы басталды. Бірінші көлік 2025 жылдың жазында конвейерден шығады деп жоспарланған.

Лисаков қаласындағы «Өркен» ЖШС тау-кен байыту комбинатын жаңғырту бойынша жоба іске асырылуда. Қолданыстағы өндіріске қосымша 150 жаңа жұмыс орны құрылады, жалпы саны 860 адам болады.

Ал ауыл шаруашлығына келетін болсақ, жалпы астық жинау көлемі былтырғы деңгейден асып, 5 млн. Тоннаға жетті.

Ағымдағы жылы 44 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 41 мыңнан астам азамат қамтылған. Жалпы, ағымдағы жылы 19,5 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жыл басынан бері 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 10 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары.

Жол жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қаржы бөлінген. Ағымдағы жылы автожол саласының бюджеті 73,8 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 72%-ға артық. Нәтижесінде биыл 1200 шақырымнан астам автожол жөнделді. Оның ішінде, ауылдық елді мекендерде 70-тен астам кірберіс жол және облыстың 108 елді мекенінде 371 көше бар.

Келесі жылы 1300 шақырымға жуық автожол, 80-нен астам кірберіс жолды, сондай-ақ облыстың 103 елді мекеніндегі 362 көшені жөндеу жоспарлануда. «Жезқазған-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, облыстың оңтүстік өңірлерінде «Бизнес-Көмек» бағдарламасы бойынша 1% жеңілдікпен кредиттеуді іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда банктер 1,3 млрд теңгеге 28 кредитті мақұлдады.

Жыл басынан бері облыста 425,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 500,0 мың м2 тұрғын үй немесе 5,0% өсіммен 5 300 пәтер салуды және пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы «Қостанай жастары» бағдарламасы бойынша 159 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыруға 2,1 млрд теңге бөлінді, 127 отбасы тұрғын үй сатып алынады. Нәтижесінде соңғы 2 жылда тұрғын үймен 286 жас отбасы қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, Қостанай ауданында 60 мыңнан астам адамға арналған «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарының құрылысы басталды.

Спорт саласын қаржыландыру көлемі 15,9 млрд теңгені құрап, 12%-ке өсті. Ағымдағы жылы 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, соңдай-ақ Қостанай ауданында жабық ат манежі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 8 спорт объектісінің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ Қарабалық, Жангелдин және Мендықара аудандарында үш хоккей кортының құрылысы басталды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста 444 мыңнан астам адамды қамтитын 8 998 спорттық іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылы балаларға арналған тегін секцияларды ұйымдастыруға 1,1 млрд теңге бөлінді. Спорттың 18 түрі бойынша 363 секцияда 6 106 бала жаттығулармен қамтылды.

Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Онда өңір басшысы әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, олардың түйткілдері мен ұсыныстарына құлақ түрді.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды