Өңір басшысы құттықтады

12 декабря 2024 9:11 • 480 просмотров

Ауданға іссапармен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов Моңғолияда өткен халықаралық Тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпазы Жайна Алпысқызымен арнайы кездесіп, жарқын жеңісімен құттықтады.

Жанкелдин ауданының оқушысы Жайна Алпысқызы Моңғолияда өткен халықаралық Тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпазы атанған еді. Өңір басшысы тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпазына 1 миллион теңге тарту етті.

«Бүгін ата-анаңа алғысымды айтуға арнайы келіп отырмын. Бәрімізді шынымен қуанттың! Құтты болсын! Еңбекте де, басқа салада да зор жетістікке жетуге болады. Бұл жеңістің орны бөлек. Еліміздің абыройын көтеріп, өзге елдерге облысымыздың, Торғай жерінің атын таныттың. Әрдайым биіктерден көріне бер!», – деді облыс басшысы Құмар Ақсақалов.

Ол бұл жолғы сайыста алты қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Сондай-ақ жарыстың рапид түрінен екінші орын алды. Жайнаның жаттықтырушысы – Тоғызқұмалақтан Жанкелдин ауданы құрамасының бапкері Қайрат Айтмағамбетов.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды