Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Аманкелді ауданы және Арқалық қаласына барды. Ол Арқалықтағы егіс алқабына табан тіреді. «Село Восточный» ЖШС көктемгі тұқым себу науқанын бастауға дайын.
Серіктестіктің негізгі қызмет түрі – егін шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жерлерінің барлық көлемі- 54 мың 366 гектар. Оның ішінде астық – 52 мың 228 гектар, мал азығы – 2 мың 138 гектар. Дихандарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Жанар – жағар май, қосалқы бөлшектер, тыңайтқыштар өзге де қажетті құрал – жабдықтар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Алдымен, өңір басшысы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Аудандағы көпсалалы туристік кешенге барып, құрылыс жұмыстарын тексерді. Бұл кешен 2 млрд 750 млн теңге көлемінде тартылған қаражат есебінен тұрғызылған. Идея авторы және іске асырушы – осы ауылдың тумасы, белгілі меценат Сапар Ысқақов.
Кешеннің жалпы ауданы – 70 мың шаршы метр. Келер жылы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады.
Сондай-ақ, осы жерде облыс әкімі көшет отырғызуға шарасына қатысты. Бұл жерде 2,6 миллион теңгеге барлығы 500-ге жуық ағаш отырғызылады. Оған қоса жалпы сомасы 600 мың теңгеге 3 мың шаршы метр жер көгалдандырылады.
Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 1966 жылғы түлектер «Түлектердің туған елге үлесі» челленджін бастаған. Осы бастама аясында 2024 жылы 200 ағаш, 2025 жылы 100 ағаш отырғызылды.
Бұдан соң аймақ басышысының сапары Арқалық қаласында жалғасты.
Президенттің тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді.
Арқалықтағы жұмыс сапарында облыс әкімі қала әуежайын қайта құрудың жоспарларымен танысты. Әуежайдың жаңа терминалын салу, сондай-ақ ұшу-қону жолағын, таксомотор жолын және перронды қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру қарастырылуда.Нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушыны құрайтын болады.
Сонымен қатар, «Жезқазған – Петропавл» республикалық тас жолы жөнделуде. Жолдың жалпы ұзындығы 940 шақырым болса, оның 125 шақырымы Қостанай облысына тиесілі. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Бұл жолды жөндеу нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстарынан елордамыз Астанаға дейінгі қашықтықты 600 шақырымға және Қостанай мен Петропавлға дейінгі қашықтықты 450 шақырымға қысқартады.
Бұнда да «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығы айтылды. Арқалықта экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді.
Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді.
Құмар Іргебайұлы Арқалық қаласында да өз қолымен көшет отырғызды. Биыл көктемге қалаға кіреберіс жолдың бағытында 50 миллион теңгеге жуық облыстық бюджет қаражатына 4000 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Мердігері – «Айзере» ЖШС.
Орайы келгенде осы жерде қаланың бизнес өкілдерімен кездесіп, бастамаларына сәттілік тіледі. «Таза Қазақстан» бағдарламасын ұдайы назарда ұстауды тапсырды.
Бұдан соң «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны – 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы – педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты.
Қазіргі таңда қаладағы өткен жылы пайдалануға берілген 300 оқушыға арналған жайлы мектептің ауласы абаттандырылып жатыр. Мердігері – «Алюминстрой» ЖШС.
«Горняк» мәдениет сарайының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігері «RAKADA GROUP» ЖШС. Облыс әкімі құрылыс ошағында болып, жұмысты жеделдету қажет екендігін айтты.
Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады.
Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады.
Қалада ұзақ жылдардан бері бос тұрған көлемді ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, университет құзырына беру мәселесі қарастырылуда.
Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Асфальт-бетон зауыты мен қиыршық тас карьерінің құрылымдық жұмыстары аяқталу шегінде. Кәсіпорынның өндірістік қуаты сағатына 105 тоннаны құрайды. «Лидер Строй 2002» ЖШС қаражатына жалпы құны 973 млн теңгені құрайтын RD-105 маркалы (Қытайда жасалған) құрал-жабдықтар сатып алынды.
Арқалық жылу электр орталығы өткен қыста қаланы көмірмен жақсы жылытып шықты. Қаланың жылу желілері кезең – кезеңмен жаңғыртылуда.
Облыс әкімі тері өнімдерін өңдейтін «Үміт» ЖШС мен бұрынғы ет комбинатында да аялдап, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Жұмысы тежеліп қалған былғары өңдеу зауыты қытайлық компанияның қолдауымен жақында жұмысын қайта жандандырмақ. Кешенді жұмыс жоспарлары жасалған. Ет комбинаты да қолдау болса іске қосылғалы тұр. Жабдықтарының бәрі жақсы сақталған.
Құмар Ақсақалов сапар түйінінде егіс алқабына табан тіреді. «Село Восточный» ЖШС көктемгі тұқым себу науқанын бастауға дайын.Серіктестіктің негізгі қызмет түрі егін шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жерлерінің барлық көлемі- 54 мың 366 гектар. Оның ішінде астық – 52 мың 228 гектар, мал азығы – 2 мың 138 гектар.
Дихандарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Жанар – жағар май, қосалқы бөлшектер, тыңайтқыштар өзге де қажетті құрал – жабдықтар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды