Балалар әлемі ашылды

5 июня 2025 8:45 • 172 просмотров

Қостанай ауданында заманауи балалар шығармашылығының үйі ашылды. Тобыл қаласында 1300 балаға арналған балалар шығармашылығының жаңа салынды. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Өңір басшысы өз сөзінде атап өткендей, адами капиталды дамыту және жастардың әлеуетін ашу – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген басым міндет. Мемлекет балалар мен жасөспірімдерге шығармашылықта, ғылымда, спортта және қоғамдық өмірде өз қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды.

«Балалар әлемі» қосымша білім беру орталығының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңге бағытталды. Жаңа нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен қолжетімділіктің барлық талаптарына жауап береді. Мұнда бір шаңырақ астында балалар шығармашылық үйі мен балалар музыка мектебі біріктірілген.

Шығармашылық үйі аясында 50-ге жуық үйірме ашылды. Әртүрлі тілдердегі пікірсайыс клубтары, актерлік шеберлік, экология, өлкетану, хореография, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша үйірмелер-тоғызқұмалақ, асық ату және дәстүрлі ойындар. Робототехника, лего-конструкция, фото және бейне студиялары, steam зертханасы және гидропоника кабинеті бойынша бағыттары бар заманауи технопарк жұмыс істейді.

Музыка мектебінде 250-ден астам оқушы 12 бағыт бойынша білім алады. Өткен жылдың өзінде мектептің материалдық-техникалық базасы 107 миллион теңгеге жаңартылды: жаңа музыкалық аспаптар мен цифрлық жабдықтар сатып алынды. Домбыра оқушылар арасында ерекше танымал – биыл 86 бала осы аспапта білім алуда.

Сондай-ақ, басқа да ұлттық аспаптарға қобыз бен жетігенге деген қызығушылық артып келеді. Соңғы үш жылда мекеме оқушылары 200-ден астам өңірлік, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атанды.

— Өткен жылдың қараша айында «IQostanay» SMART-орталығының ашылуында мен облыстың әр ауданында осындай заманауи мекемелерді құрудың маңыздылығын атап өттім. Бүгін біз бұл жоспарлардың қалай жүзеге асатынын көріп отырмыз. Дәл осындай орталықтарда Қазақстанның жаңа жұлдыздары жанатынына сенімдімін. Жыл соңына дейін Жангелдин ауданында 100 орындық жаңа шығармашылық үй ашу жоспарлануда. Өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау Қостанай облысының өңірлік саясатының басты басымдықтарының бірі болып қала береді, – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Соңғы жеңістердің қатарында Дильназ Алембаева «Бала Шабыт» халықаралық байқауының Гран-приі жеңіп алды және Латиф Хамиди атындағы байқауда Батыр Қаржаспаев бірінші орынға ие болды.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, адами капиталды және жастардың бойындағы таланттарды дамыту – білім беру саласының басымды бағыты болып табылады. Бұл, әрине, білімді, өнерлі ұлт тәрбиелеуде болашаққа жасалған инвестиция. Біздің міндетіміз – әр балаға өз дарынын ашу үшін қолдау көрсету. Облыста 43 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оларда жеті бағыт бойынша 900-ден астам үйірмеге 34 мыңнан аса оқушы қатысады. Бұл жай ғана ғимараттың ашылуы емес, бұл балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалды дамуы үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Облыс өңірлерінде осындай заманауи орталықтар мен шығармашылық үйлерді ашу маңызды. Осылайша, біздің өскелең ұрпақтың әлеуетін қадамдық қолжетімділікте дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қымбатты балалар, баршаңызға өз күштеріне сеніп, табысты болуды және сүйікті ісінің нағыз шебері атануды тілеймін! Сіздер үшін ашылған бұл заманауи Балалар орталығында тәлімгерлердің қолдауымен жаңа белестерге жетіңіздер! Жолдарын ашық болсын!-деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды