ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Костанай облысына барды

20 июня 2025 19:13 • 1 057 просмотров

Бүгін Қостанай ауданының №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев облыс педагогтерімен кездесті.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыстың білім беру жүйесімен таныстырды.

Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында салынған Қостанай ауданының №1 Заречный ЖББМ директоры Қарлығаш Тоқбайқызы Алдамбергенова және Қостанай қаласының №31 ЖББМ директоры Орынкүл Балғабайқызы Баяхметова педагогикалық ұжымның және оқушыларының алғашқы жетістіктері мен жеңістерімен бөлісіп, мектептерінің стратегиялық мақсаттары мен даму векторлары туралы айтты.

Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде педагогтердің назарын Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау, оның ішінде өңір инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық жобаларды іске асырудың маңыздылығына аударды.

Сондай-ақ, кездесуде қазақстандық жас өрендерді тәрбиелеудегі маңызды мәселелер көтерілді, онда ұлттың тарихи маңызы мен дамуын түсіну қажеттілігіне және Отанымыздың ағартушылары мен жазушыларының тәжірибесін шығармашылықпен қайта қараудың маңыздылығына тоқталып өтті. Мәлік Нұржанұлы «Педагог мәртебесі туралы» Заңның және мұғалім мамандығының беделінің маңыздылығын атап өтті.

«Мұғалім өз пәнін біліп қана қоймай, нағыз тәлімгер, сауатты, сөзге шешен және қоғам және әлем жағдайларына бағдарланған болуы керек. Жас ұрпақтың қандай болатыны мұғалімдерге байланысты екенін ұмытпайық», — деді ол.