Металлургтер марапатталды

24 июля 2025 8:56 • 220 просмотров

Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты.

— Тау-кен металлургия өнеркәсібі – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бұл салада 15 мыңнан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында өндірілген өнім көлемі 700 млрд теңгеге жуықтады. 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы деп жарияланды. Сондықтан дәл осы күні еңбек адамдарын Мемлекет басшысының атынан марапаттау – үлкен мағынаға ие, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар:

• Валерий Анкудинов – «ССГПО» АҚ инженері;
• Ануарбек Табылбаев – «ССГПО» АҚ шахталық электровоз машинисті;
• Булат Мукатов – «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚБРУ филиалының тепловоз машинисті;
• Қуанышбек Кұлназаров – «Варваринское» АҚ ұсақтаушысы.

Индустрия және құрылыс министрлігінің Құрмет грамоталары:

• Ердин Байгенжин – «Варваринское» АҚ;
• Валерий Каштанов – «Комаровское» ЖШС.

Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

• Василий Андриянов – «Оркен» ЖШС, рудник ЛФ цехының бастығы;
• Наталья Бородникова – «Caspian Steel QZ» ЖШС, зертхана лаборанты;
• Анатолий Беляков – «Оркен» ЖШС, байыту фабрикасының сепараторшысы;
• Николай Емшанов – «Caspian Steel QZ» ЖШС, металл қыздырушы;
• Марат Ибрашев – «Оркен» ЖШС, ұсақтау учаскесінің бастығы;
• Алмагүл Исмұхамедова – «Качары рудасы» АҚ, химиялық су тазарту аппаратшысы;
• Никита Каутц – «Caspian Steel QZ» ЖШС, КИПиА слесарі;
• Денис Ковалев – «Качары рудасы» АҚ, электр дәнекерлеуші;
• Нұртай Медетқалиев – «Caspian Steel QZ» ЖШС, электрмонтер;
• Руслан Нұрманов – ҚБРУ, өндірістік цех бастығы;
• Александр Ринг – «Оркен» ЖШС, электрослесарь;
• Дамир Тәутенов – «Caspian Steel QZ» ЖШС, шикізат тасымалдау бригадирі;
• Елжан Тоққужин – «Качары рудасы» АҚ, негізгі өндіріс учаскесінің бригадирі.

Наградталғандардың атынан сөз сөйлеген Валерий Анкудинов көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, бұл марапат – бүкіл еңбек ұжымдарының еңбегіне берілген әділ баға екенін атап өтті.

Алдағы жылдары өңірде екі ірі жоба іске асырылады. Біріншісі – «ССКБӨ» базасында жылына 2 млн тонна өнім шығаратын ыстық брикеттелген темір (ГБЖ) зауыты. Инвестиция көлемі – 532 млрд теңге. 1 000 жұмыс орны ашылады. Екіншісі – «Caspian Steel QZ» базасында болат өндіретін зауыт. Қуаты – 1 млн тонна. Инвестиция – 308,4 млрд теңге. 600 адам жұмыспен қамтылады. Екі зауыт іске қосылған соң жыл сайынғы салық түсімі 60 млрд теңгеден асады. Бұл – Қостанай облысының қара металлургиядағы жетекші рөлін нығайтады.

Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды